«Зеленый квартал» тұрғын үй кешені жанынан алдағы уақытта мектеп салынады

        13 қаңтар 2020

        «Зеленый квартал» тұрғын үй кешені жанынан алдағы уақытта мектеп салынады

        Біле білсеңіздер, бұл үйдің аумағында «Самұрық-Қазына», «Қазатомпром» ұлттық компанияларының және BI Group-тың кеңселері орналасқан. Десе де үй тапсырылғалы бұл жердің инфрақұрылымы жеткілікті дамымаған еді. Ал қазір жағдай мүлдем өзгеше. Кешенде танымал Invictus фитнес-клубы ашылды, одан қалды Magnum супермаркеті бар. Жақын арада Green Mall сауда орталығының басқа да жалға алушылары өз жұмыстарын бастағалы тұр. Айта кетейік, бұл сауда орталығы тұрғын үй кешенінде орналасқан. Сұлулық салонына, фитнеске, супермаркетке бару үшін тұрғындарға далаға шықпай-ақ бірінші қабатқа түссе жеткілікті. Айтпақшы, тағы бір жақсы жаңалық, көктемде Kinopark-6 кинотеатры ашылады.

        Қысқасы, «Зеленый квартал» - бұл күнделікті тұрмыс үшін қажеттінің бәрі бар өз алдына бір бөлек «қала». Деректерге сүйенсек, бұл ауданда тұрғын үйге сұраныс өсуде және компания осы үйдің екінші кезегін салу туралы шешім қабылдады. Қазір құрылыс жүріп жатыр.

        Екі 18 қабатты блокта 180 пәтер мен 7 кеңсе болады. Әр қабатта 6 пәтерден – бір жарым, 2, 3 және 4 бөлмелі. Төбе биіктігі 3 метр. Үйдің ерекшелігі туралы бас инженер Елнар Райзаев айтып берді:

        «Тұрғындар үйге бірден көше жағынан кіре алады, паркингке шығудың қажеті жоқ. Пәтераралық қабырға «Қабырғадағы қабырға» технологиясының жаңа стандарты бойынша қаланады, яғни дыбыс оқшаулау қасиеті жоғарырақ. Жаңа форматтағы балалар алаңы қарастырылған. Сонымен қатар, бұл ауданда мектеп салыну жоспарлануда».

        Пәтер кілттері осы жылдың соңында тапсырылады. Ал мектеп туралы сіз қала әкімдігінің Білім басқармасынан біле аласыз.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.