Мемлекет басшысы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталықпен танысты

        4 маусым 2023

        Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Наурызбай ауданында BI Group компаниясы салған инновациялық шығармашылық орталықпен танысты.

         

        Құрылыс 2022 жылдың басында басталды. Бүгінде бұл Қазақстандағы тұңғыш жан-жақты инновациялық техникалық жабдықталған, модернизацияланған оқушылар сарайы. 675 орны бар орталықта білім алу барлық балалар үшін тегін болмақ.

         

        Алматы екі миллионнан астам халқы бар Қазақстандағы ең серпінді дамып жатқан ірі қала. Бұл жерде 200-ден астам мектепте 300 мың бала білім алады. Соған қарамастан мегаполисте кеңестер кезеңінде салынған тек бір оқушылар сарайы бар.

         

        «Бұндай әлеуметтік нысандардың жеткіліксіз екені анық. Өскелең ұрпақ дамып, шығармашылықта, ғылым мен спортта жетістіктерге жетуі тиіс, сондықтан біз Алматыда әрбір ауданда осындай жаңа орталықтарды салуды жоспарлаудамыз. Сондай-ақ біз Алатау ауданында екінші инновациялық шығармашылық орталығының құрылысын аяқтауға таяу қалдық, ол жақын арада ашылады», - деп атап өтті жоба жетекшісі Ернұр Сатыбалдыұлы.

         

        Ортылықтың басты бағыттары: ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық және экология-ботаникалық. Орталықта білім алуға келмес бұрын multitouch-бағандарда профориентациялық тесттен өтуге болады, әрбір оқушы VR-көзілдіріктер арқылы виртуалды әлемде өзін қолданыстағы үйірмелердің оқушысы немесе белгілі бір мамандық өкілі ретінде сезіне алады.

         

        Балалар программалау, авиа және 3D-модельдеу үйірмелеріне қатысып, өз бетінше ұшақ моделінің корпустарын жинауды үйрене алады. Робот техникасы кабинеттері заманауи SMART-компьютерлермен жабдықталған. Сонымен қатар қайта өңделген энергия көздері бойынша үйірмелер мен жасанды экосистеманы зерттеу аквапониктары (өсімдіктер мен мәдениеттер өсіру бойынша заманауи технологиялар) бар.

         

        Ерекше қызығушылық тудырған нәрсе – ойын бөлмесі, жаңа технологиялардың шыңына айналған интерактивті көңіл көтеру залы. Бұл орын проекторлармен, сенсорлармен, құзға шығуға және тіпті аэрохоккейге арналған конструкциялармен жабдықталған.

         

        Сонымен қоса, орталықта ерекше балалардың білім алуына жағдай жасалған. Емдеу-физикалық мәдениеті, логопед-дефектолог, психолог кабинеттері, сенсорлы кабинеттер бар.

         

        Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздегі бұндай орталықтардың саны артуы тиіс.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.