Төңкеріс ауылында алғашқы инновациялық мектеп салынды

        27 қаңтар 2022

        Ақмола облысының Төңкеріс ауылында 110 оқушыға арналған жаңа форматтағы мемлекеттік мектеп ашылды. Жаңа оқу орнына өңір әкімі Ермек Маржықпаев пен оның орынбасары Малғаждар Тәткеев ресми сапармен келді. Жергілікті тұрғындар үшін жалпы білім беру мекемесінің құрылысы көптен күткен оқиға. Өйткені Целиноград ауданында бірнеше жылдан бері оқушы орындарының жетіспеушілігі байқалады, ал қолданыстағы мектептер балалардың үлкен ағынына әрең төтеп береді.

        Нысан рекордтық қысқа мерзімде – бар болғаны 4 айда салынды. Бас мердігер алдыңғы қатарлы оқу орындарын салуда тәжірибесі мол BI Group компаниясы болды. Мектепте 14 кабинет, спорт және акт залдары, кітапхана, асхана, коворкинг-аймақтар, ойын алаңдары және сапалы білім алуға қажетті барлық зат бар. Химия және информатика сыныптары жаңа жабдықтармен жабдықталған, ғимараттың ішкі дизайны елордалық BINOM мекемелерінің интерьерін еске түсіреді.

        Қайрат Теміреев, жоба жетекшісі:

        «Бұл мектептің басты айырмашылығы – қысқа мерзімде, жеңіл оқшауланған құрылыс құрылымдарынан салынуында. ТМД елдерінің өзінде аналогы жоқ мұндай жоба Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Біз үшін қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту мәселелеріне қатысу үлкен мәртебе. Нысан іске қосылды және жалпы қабылданған стандарттарға сай».

        Мұнда оқу бір ауысымда жүргізіледі. Заманауи технологиялар бойынша салынған шағын жинақты осындай мектептер жақында Жарқайың ауданының Бірсуат ауылында, Аршалы ауданының Аршалы кентінде және Целиноград ауданының Ақмешіт ауылында өз есіктерін ашады. Осылайша, 4 модульдік нысанның құрылысы оқушы орындарының тапшылығын және өңірдегі апатты әлеуметтік нысандардың проблемасын жоюға көмектеседі.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.