Шымкенттегі Тұлпар көлінің жанында заманауи тұрғын үй орамы бой көтереді

        3 қыркүйек 2020

        Еліміздің оңтүстігінде жалпы ауданы 500 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй орамы пайда болады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен BI Group басшысы Айдын Рахымбаевтың кездесуінде мәлім болды. 33 га көлемді қамтитын ауқымды жобаның құрылысы 2021 жылдың көктемінде, дендропарк, зоопарк және "Қазына" этнопаркінің маңайында басталады. Бәйдібек би даңғылындағы ипподром қалалық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы шешімі бойынша жаңа орынға көшіріледі.

        "Құрылыс саласы өңір экономикасының драйвері болып табылады. Нысанды салу кезеңінде 8500-ден астам жұмыс орны құрылады, оның 2500-і қызмет көрсету саласында. Аралас салалар: құрылыс материалдарын өндіру, арнайы техниканы жалға алу, жиһаз бен тұрмыстық құралдарды сату  қарқынды дамитын болады", - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

        Озық технологияларды қолдана отырып, комфорт және бизнес санаттағы тұрғын үйді қазақстандық BI Group девелоперлік компаниясы тұрғызатын болады. Инфрақұрылымы жан-жақты дамитын жаңа квартал заманауи, экологиялық таза болмақ. Үй фасады еуропалық панельдерден тұрса, тұрғындар мен қонақтардың жайлылығы үшін жобаларды басқарудың жаңа жүйелері мен "Smart Home" ақылды үй қызметін енгізу жоспарланып отыр.

        "Біз әлеуметтік инфрақұрылымға жіті көңіл бөліп отырмыз. Мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында, жоба іске асырылатын 6 жыл ішінде 1500 орындық жаңа мектеп, емхана мен балабақша салынады. Сондай-ақ, Тұлпар көлінің жағалауын абаттандыру жоспарланған. Жалпы, бұл жоба мемлекеттік бюджетке 15 млрд теңге салық әкеледі", - дейді BI Group басшысы Айдын Рахимбаев.

        Демалыс және спорт орындары бар жаңа квартал қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орталығына айналатыны сөзсіз. Жобаның барлық аумағында жаяу жүргіншілер, жүгіру және велосипед жолдары салынады. Сонымен қатар, мұнда барлық ойын шуын бір жерге шоғырландыру үшін Play Hub тұжырымдамасы бойынша балалар ойын алаңы қарастырылған. Тұрғын үйлердің бірінші қабаттары коммерциялық үй-жайларға: кафелер, сұлулық салондары, дүкендер, банктер және оқу орталықтарына беріледі.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.