Шымкентте комфорт санатындағы жаңа тұрғын үй кешені пайда болады

BI Group холдингі Шымкентте Tumar Apartments жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысын бастады. Комфорт санатындағы үй қаланың перспективалы ауданында: Сырым батыр және Қ.Төлеметов көшелерінің қиылысында орналасқан. Сапалы өмір сүру үшін 500 метр радиуста қажеттінің бәрі бар: балабақша, сауда орталығы, дүкендер, саябақтар мен алаңдар. Аумақтағы жасыл-желек, тіпті ең ыстық күнде де сая бола алады.
Tumar Apartments екі кезектен тұрады. Бірінші кезектегі құрылыс-монтаж жұмыстары осы көктемге қарастырылған. Екінші кезектің құрылысын аяқтау 2022 жылдың соңына жоспарланған.
Шымкентте Tumar Apartments-ке ұқсас тұрғын үй кешені жоқ. Ол француз балкондары, тұрғындардың демалуына арналған шай үйі, аумақтағы жүгіру жолы, бірінші және соңғы қабаттардағы ашық террассалармен ерекшеленеді. Бұның барлығы BI Group клиенттерінің жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды.
"Көліксіз аула" тұжырымдамасы BI Group-тың барлық тұрғын үй кешендеріне тән. Сонымен қатар, Tumar Apartments-те жерасты паркингі бар. Пәтерлерде - үш метрлік төбелер мен үлкен терезелер қарастырылған. Рекреациялық аймақтардың арқасында тұрғындар өздерін жайлы сезінеді. Аумақ көгалдандырылады, мұнда әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары орналасады.
Көлікпен кіруге болмайтын аулалар тұрғын үй кешенінің ішкі кеңістігіндегі газдануды азайтып қана қоймай, балалармен серуендеуді қауіпсіз етеді.
BI Group ұсынған тұрғын үйдің артықшылығы - сапасы мен қызықты тұжырымдамасы.