Тура Нью-Йорктағы сияқты

Бүгін елордамыздың жаңа жасыл белдеуінде бой көтеріп жатқан Парк Авеню 3-4 тұрғын үй кешенінде ашық есік күні өтті. Аты айтып тұрғандай, оның жанынан жасыл желекке толы, ландшафтты дизайнға бай саябақ күннен-күнге өсіп келеді. Бірнеше жылдан кейін, бұл аудан Нью Йорктағы Орталық саябақтағыдай болады десек, артық айтқандық емес.
Park Avenue 3-4 бизнес санатты үй, пәтерлердің төбе биіктігі – 3 метр. Пәтерлердің кең көлемді терезелері үш қабат әйнектелген. Кеңістікті үйлесімді бөлу, қарапайым симметриялық сызықтар, жылы бояу түстерінің гаммасы, әрлеуде пайдаланатын табиғи материалдар, атап айтсақ лаймстоун, травертин, гранит бір-бірін толықтырып тұрады.
Кешенге Орынбор мен Түркістан көшелерінің жақын орналасуы әуежайға, сондай-ақ қаланың орталығына санаулы минуттар ішінде жетуге мүмкіндік береді.