Үлкенге құрмет, кішіге ізет

Кенеттен суып кеткен бүгінгі ауа-райы «Жігер» тұрғын үй кешеніндегі жаңа орталықтың ашылуына келген қонақтардың мерекелік көңіл күйін бұза алмады.
- Жаңа орталықтың ашылуын, біз үшін өте қымбат Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73 жылдығына орай ұштастыруды шештік. Елімізде соғыс зардабы тимеген бірде бір отбасы жоқ шығар. Бірі жаумен шайқасса, енді бірі тылда еңбек етті. Әрдайым еліміздің аспаны ашық болсын, халқымыз өсіп өркендей берсін, - деп құттықтады АЖС жетекшісі Рустам Айтжанов.
Айта кету керек, жаңа орталықтың ерекшелігі – мұнда тек зейнеткерлерге ғана емес, жас балаларға арналған бөлме де бар. Үлкендер өскелең ұрпаққа жақсы тәрбие береді, мысалы шахмат, дойбы ойнауға үйретеді. Ал мұнда кәдімгі шәйнектен бөлек сервистік ұйым сыйға тартқан электр плитасы да бар. Онда пісірілген бешбармақ өте дәмді болып шығыпты.
Бұдан бөлек «Нұр Отан» партиясы, мәслихат, әкімшілік өкілдері тарту еткен сыйлықтар да пайдалы болатыны сөзсіз. АЖС жетекшісі де назардан тыс қалған жоқ. Біздің тұрғын үй кешендеріндегі жұмыс істейтін 7 орталықтың алтауы Астана ЖилСервис қолдауымен ашылған. Сондықтан ата-әжелеріміз бен өскелең ұрпаққа көрсеткен қамқорлығы үшін құрмет ретінде жапқан шапанға Рустам Айтжанов мырза лайықты!