Дәрігерлердің күлімдеген жүздері астаналық «балық көпіріне» ерекше сән берді

        27 тамыз 2020

        Нұр-Сұлтан қаласында 26 тамызда дәрігерлердің құрметіне арналған көрме өз жұмысын бастады. Бұл туралы қазақстандық фотограф Руслан Мазунин өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Халық арасында «балық көпірі» деп аталатын вело-жаяу жүргіншілер өткеліне астаналық жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істейтін 100 медициналық қызметкердің портреттері орнатылды. Бұл – еліміздің барлық аймағында осы қиын уақытта жұмыс істеген және жұмыс істейтіндердің аз ғана бөлігі.

        «Достар, маған қолдау көрсеткендеріңізге зор ризашылығымды білдіргім келеді! Шынымды айтсам, осыншалықты адам үн қатады деп күткен жоқпын. Бүгін сіздер «балық-көпірі» нысанында ілінген дәрігерлеріміздің суреттерін көре аласыздар. Түні бойы мені қолдаушылармен бірге фотогалереяны өңдедік, түске дейін бітіреміз деп ойлаймын», - деп жазды пост авторы.

        Фотограф BI Group құрылыс холдингінің ақ халаттыларды құрметтеу жөніндегі бастамасына бірінші болып жауап бергенін атап өтті. Бұл идеяны елорда әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданының әкімдігі де қолдаған. Қазақстан жастары конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов та еліміздің басқа өңірлерінде көрмені ұйымдастыруға өз көмегін ұсыныпты.

        «Бізді құтқару үшін жұмыс істеген және жұмыс істейтіндердің барлығына, атап айтқанда санитарларға, медбикелер мен мейіргерлерге, реаниматологтарға, инфекционистерге, дәрігерлерге, еліміздің әр аймағындағы барлық медициналық қызметкерлерге алғыс айтамын. Кейде сіздер халыққа көрінбей қаласыздар, тіпті біз сіздердің аты-жөндеріңізді де білмейміз. Сіздер біз үшін жан беруге даярсыздар! Мен Ризамын!», - деп жазылған хабарламада.

        Елорданың кейбір тұрғындары мен қонақтары қазірдің өзінде көпірді аралап, Фейсбукте алған әсерлерімен бөлісіп жатыр.

        «Біздің бәріміз мұражайлар мен театрларды сағындық. Барлығы жабық. Бұл серуендеуге әрі біздің кейіпкерлерімізді өз көздеріңізбен көруге тамаша мүмкіндік», - дейді блогер Альбина Бунеску.

        Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні Руслан Мазунин өзінің инстаграм-аккаунтында оқырмандарына дәрігерлердің пандемия кезінде түсірілген суреттерін барынша тарату туралы өтініш айтқан болатын. Осылайша қазақстандық суретші індеттің бел ортасында жүрген барлық дәрігерге алғысын білдіргісі келді. Екі күннің ішінде оның әлеуметтік желілерде жариялаған жазбасын мыңнан астам адам бөлісіп, жүздеген пікір қалдырылды. Жас жігітке белгілі бұқаралық ақпарат құралдары мен медиатұлғалар да қолдау көрсетті.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.