BI Group компаниясының Urban Park тұрғын үй кешенінің құрылысына қатысты ресми жауабы

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Сәтпаев көшесі, 26/4 жер
учаскесі мекенжайы бойынша кадастрлық нөмірі: 20-313-003-377 жер учаскесі
аумағында орналасқан объектілердің құрылысы Алматы қаласы әкімдігінің
мемлекеттік сараптамасына сәйкес жүргізілуде.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу және осы шағын
ауданды салу кезінде жақын көшелердің жүктемесі ескерілді. Қалалық жоспарлау
және урбанистика басқармасы бекіткен эскиздік жобаға сәйкес, қазіргі және жақын
тұрған тұрғын үй кешендерінің Минин, Марков, Шагабутдинов және Бұқар жырау
көшелеріне шығу жолдары бар. Алматы қаласының егжей-тегжейлі жоспары туралы
толығырақ жергілікті атқарушы органнан білуге болады.
Тұрғын үй ғимараттарын жобалау кезінде міндетті
талаптардың бірі ҚР ЕЖ EN 1998-1:2004/2012 және ҚР ЕЖ 2.03-30-2017* нормаларын
сақтау болып табылады. Олар сейсмикалық қауіпті аймақтардағы құрылыс кезінде
тәуекелдерді болдырмайтын барлық қажетті шараларды қарастырады.
Инженерлік-геологиялық ізденістерге сәйкес, ТҮК
құрылысына арналған аумақ жарылымда орналаспаған. Сұралып отырған құрылыс алаңы
Жаңатұрмыс тектоникалық жарылымы көрінетін аймақтан тыс жерде орын тепкен.
Жоспарланған тұрғын үй кешендерінде арнайы техниканың
барлық түрлері үшін жол жүру қарастырылған. Бұл жақын маңдағы үйлер үшін де
қолжетімді.
Пожарский көшесінің бұрынғы бөлігі Алматы қаласы,
Бостандық ауданы, Минин көшесі, 14 «а» үй мекенжайы бойынша кадастрлық нөмірі:
20-313-003-365 жер учаскесі жеке меншік құқығына мемлекеттік актіге енгізілді
және Жан Сай Групп ЖШС сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынды.
BI Group компаниясы объектілерді салғанға дейін Жасыл
экономика басқармасы мамандарының көмегімен он есе мөлшерде өтемдік ағаш
отырғызуды өз есебінен жүргізу міндеттемесін алды.
Осы жоба бойынша қоғамдық тыңдаулар 25.02.2021 жылы өтті
деп танылды. Компанияда құрылысқа арналған барлық рұқсат құжаттар, соның ішінде
мемлекеттік экологиялық сараптама бар. Urban Park тұрғын үй кешенінің құрылысы
Алматы қаласының қалақұрылыс ережелерін бұзбайды.
Біздің компания әрқашан сындарлы диалогқа ашық.
Құрметпен, BI Group.