Бішкекте қазақстандық құрылыс компаниясының қатысуымен өкпе ауруларын емдейтін аурухананың құрылысы аяқталды.

        7 қазан 2021

        Бішкекте өкпе ауруларын емдейтін аурухананың құрылысы аяқталды. Жаңа мамандандырылған мекеме барлық халықаралық стандарттарға сай болады.  Жобаны KFW неміс банкі қаржыландырады, тапсырыс беруші - Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, құрылысты салушылар - Қырғызстанның Integra Engineering Group компаниясы мен BI Group инновациялық құрылыс холдингі. Аурухананың ашылуы 2022 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

        Аурухана туберкулезбен ауыратын науқастардың стационарлық және амбулаторлық жағдайда сапалы және кешенді ем алуына мүмкіндік береді.  Ауданы 6590 м2 болатын медициналық мекеме 128 орынға есептеліп салынған.  Орындардың үштен бір бөлігі дәрі-дәрмектерге төзімді емделушілерге арналған, сонымен қатар олар үшін жеке серуендеуге арналған алаңдар да қарастырылған. Ашық түрдегі туберкулезбен ауыратын науқастар терраса мен арнайы санитарлық қондырғыларды пайдалана алады. Келушілердің жұқтыру қаупін азайту үшін олармен байланыс телефон арқылы жүзеге асырылады.

         Ғимарат мынадай функционалдық блоктарға бөлінген: диспансерлік, клиникалық зертхана, медициналық бейнелеу, өкпеден тыс туберкулез бөлімі, интенсивті терапия палаталары (ИТП), көптеген дәріге төзімді науқастар бөлімі, БК+ бөлімі.

        Аурухана медициналық қызметкерлер мен келушілердің инфекцияны жұқтыру қаупін төмендетуге бағытталған озық технологиялық құрылғылармен жабдықталған:

        - таза ауамен қамтамасыз ету және қолданылған ауаны шығару үшін механикалық желдету жүйесі қарастырылған;

        - желдету және салқындату жүйелерінде қажетті тазалықты қамтамасыз ету үшін ұсақ және ірі сүзгілер мен ауаны зарарсыздандыратын қондырғылар орнатылған;

         - пайдаланылған суды тазарту үшін хлорлау қондырғысы орнатылған.

        Осы өкпе ауруларын емдейтін аурухана коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге де қолайлы. Осы типтегі мекемелерде вирустар мен микроорганизмдерден қорғану деңгейі 100% десе де болады.

        BI Construction & Engineering халықаралық жобалар департаментінің директоры Арман Лесбеков:

        «BI Group-тың әлеуметтік нысандар құрылысында мол тәжірибесі бар. Біз серіктестерімізбен жобаны басқару, жұмысты ұйымдастыру, тендер өткізу, жеткізушілермен өзара байланыс орнату барысындағы өз көзқарасымызбен бөлістік.  Оларға өзіміздің стандарттарымызды және олардың қалай жұмыс істейтінін көрсеттік. Біз өз кезегімізде Қырғызстан нарығына кірдік және Integra Engineering Group серіктестерімен бірге тағы бірнеше жобаларды жоспарлап отырмыз. Мен бұл өзара тиімді ынтымақтастық болды деп ойлаймын. Бішкектегі аурухана құрылысы - әлеуметтік маңызы бар нысын құрылысы бойынша BI Group -тың халықаралық бірінші және өте табысты тәжірибесі».

        Integra Engineering Group-тың негізін қалаушы Жодар Сайдилканов:

        «Біз BI Group холдингінің жетістіктерін мақтанышпен қадағалап жүрміз. Біз үшін бірінші кезекте ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу маңызды орында.  Біздің серіктестігіміз одан әрі нығайып, ауқымды және күрделі инженерлік жобалар бойынша жалғасын табады деп үміттенеміз және осы салынған нысан бірлескен жұмысымыздың бастауы болады деп сенемін. Өңірге әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар қажет. Бұл міндеттерді отандық компаниялар орындауы тиіс. Қазақ пениқырғыз - бауырлас халықтар.  Біз екі компания арасындағы синергия бизнестің басқа секторларына үлгі болғанын қалаймыз».

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.