Астанада үздік жылжымайтын мүлік агенттіктері анықталды
Бір жыл бұрын BI Group риэлторлық агенттіктермен белсенді жұмыс жүргізе бастады. Олардың ең белсенділерін компания жыл соңында марапаттайды. Сонымен ең үздіктері кім, бұл кеше өткен қорытынды кездесуде белгілі болды.
Әсел Жүнісова, сату департаментінің коммерциялық директоры:
- Жылдық жоспардың 8%-ын сіздер орындадыңыздар. Біздің командамыз атынан сіздерге табысты бірлескен жұмыс үшін алғыс айтқым келеді.
Бірінші орын алған риэлтор Мәскеуге жолдама алады. Екінші орын - IPhone X. Үшінші орын ‒ фитнес-залға жылдық абонемент.
I орын - Еламан Кеңесбеков, "Метры"агенттігі.
II орын - Әсел Кәрімбекова, "МэтрKZ" агенттігі
III орын - Руслан Калеев, "Этажи" агенттігі».
"МэтрKZ" жылжымайтын мүлік агенттігінің менеджері Әсел Кәрімбекова:
- Клиенттерге пәтерді, өзім үшін алып жатқандай таңдаймын. Өз жұмысымды жақсы көремін! Мен жай ғана өз жұмысымды орындадым, бұл үшін мені марапаттады, керемет! BI Group-пен ынтымақтастық - біздің агенттік үшін маңызды қадам.
Кездесу барысында жоба кураторы Гүлсім Шокарова компанияның риэлторлық агенттіктермен жүргізген жұмысы туралы әңгімеледі. BI Group 20 оқыту, объектілер бойынша 23 экскурсия және бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде-агенттіктер бір жыл ішінде 750 пәтерді сатқан.
Жыл қорытындысы бойынша үздік жылжымайтын мүлік агенттіктері анықталды:
I орын ‒ "Метры" агенттігі - 130 мәміле
II орын - "Мэтр KZ" агенттігі - 40 мәміле
III орын - "Arman" агенттігі - 38 мәміле
Ал жылдың серіктесі 249 мәміле жасаған "Этажи" агенттігі болды!
2019 жылы компанияның сату жоспары тағы 30%-ға ұлғаяды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп. Іске сәт!