Астанада жалпы білім беретін мектебі бар «Поколение» тұрғын үй кешенінің сатылымы басталды

        10 қыркүйек 2020

        «Поколение» тұрғын үй кешені - cол жағалаудағы Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшелерінің қиылысында орналасқан. Жайлы өмір сүруге қойылатын барлық талапқа сәйкес келетін заманауи үй. Кешен 9-дан 24-ке дейінгі ауыспалы қабатты болып келетін блоктардан тұрады. 

        Желдетілетін сыртқы қасбеті әдемілігімен ғана емес, сапасымен де ерекшеленеді. Ол үйдің қабырғасын ылғалдан сақтайды, жылуды ұстайды әрі сырттан шу-дыбысты өткізбейді және 35-50 жылға жарамды. Ашық және қоңыр-сарғыш түсті панельдер жылдың кез келген уақытында көтеріңкі көңіл күй мен жайлылық сезімін тудырады. Тұрғын үй кешенінің өз серуендеу аллеясы мен сквері болады. Тағы бір ерекшелігі: кешенде «Комфорт» және «Бизнес» санатындағы үйлердің болуы. Олар бір-бірінен қабырғасының биіктігімен, әр қабаттағы пәтер санымен, әрлеу сапасымен, қабаттылығымен, ауласының ландшафтық дизайнымен және бағасымен ерекшеленеді. 

        Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында салынып жатқан үй территориясындағы жалпы білім беретін мектеп ерекше назар аударуға тұрарлық. Жоба қызықты. Төменгі сынып оқушылары ғимараттың жеке блогында оқиды. Физика, химия, STEM робототехника және IT-кабинеттері бар. Тағы бір ерекшелігі мектептегі оқушылардың үлгерімі Smart School Systems жүйесі арқылы басқарылады. Оқу орнының аумағында футбол алаңы қарастырылған. 

        Тапсыру мерзімі - 2021 жылғы желтоқсан, яғни мектепті тұрғын үйдің бірінші кезегінен бұрын тапсырады. Тағы бір атап өтетіні, мектеп 1800 орынға есептелген, ал бүкіл кешенде 1194 пәтер болады. Орын тек «Поколениеге» ғана емес, көрші үйлердің балаларына да жетеді. 

        Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов «Времена года» тұрғын үй кешені аумағында №89 мектеп-лицейдің салынуы бірден 4 оқу мекемесіне жүктемені азайтуға, соның ішінде №59 мектепте үш ауысымды оқытуды алып тастауға мүмкіндік бергенін мәлімдеген болатын.

        Айта кету керек, көршілес үйлердің тұрғындары жаңа жобаға қызығушылық танытып отыр, 

        Бақтыбай Әбдіқалық, «Сармат» ТК тұрғыны: 

        - Бізде төрт бала, үшеуі №59 мектепке барады, қазір онда оқушы саны көп. BI Group-тың жаңа мектеп салатынын біліп, қуандық. Жалпы білім беретін заманауи мектеп. Одан қалды, жұбайым екеуміз көптен бері кеңірек пәтерге көшуды ойластырып жүргенбіз, бірақ бұл ауданда жаңа үй жоқ. Ал басқа жаққа барғымыз келмейді, мұнда бізге бәрі жақын, жұмысымыз да. Сондықтан, бұл бізге жаңа пәтер алуға мүмкіндік, балалар жаңа мектепте барады және достарынан да алысқа кетпейді. 

        Осындай клиенттерімізге бізде Trade In бағдарламасы бар, яғни ескі пәтерді сатып, жаңасына алмастыруға көмектесеміз. Толығырақ сату бөлімдерінен немесе 360 нөміріне қоңырау шалып біле аласыз. 

        Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін. 

        «Поколение» ТК жобасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен қала құрылысы кеңесінде егжей-тегжейлі талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша жобаны қалалық билік мақұлдады және бекітті. 2019 жылғы 23 қыркүйекте әкімдіктің «Поколение» ТК аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету туралы қаулысы шықты.

        2020 жылғы 04 ақпанда жаңа нысанның эскиздік жобасы «Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де келісуден өтті. 2020 жылғы 17 маусымда Қабанбай батыр және Сығанақ көшелерінің ауданында ТК салуға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілді. Барлық рұқсат құжаттарын алғаннан кейін BI Group компаниясы МСҚБ-на құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама жіберді.

        Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 10.08.2020 жылғы №19 рұқсат Kaz Industrial Group тұрғын үй салушысына берілді.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.