Астанада WorldSkills-2018 кәсіби шеберлік бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды.

        10 желтоқсан 2018

        Бұл жарысты «Жұмысшылардың олимпиадасы» деп те атайды. Үш күн бойы қатысушылар әртүрлі бағыттар бойынша өз дағдыларын көрсетті.


        Компаниямыздың маңызды міндеті – білікті мамандарды даярлау. Сондықтан да, құрылыс мамандықтарын игеруді армандайтын талантты жастарды қолдау мақсатында BI Group байқаудың «Кірпіш қалау» және «Плиткамен қаптау» кезеңінің бас демеушісі болды. 


        Қазір елімізде құрылыс саласында білікті мамандар жетіспейді, ал бұл байқау үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев өз сөзінде WorldSkills талаптарының оқу орындарының бағдарламаларына біртіндеп енгізілетінін атап өтті. 


        Елімізден 350-ге жуық қатысушы Астанаға 30 кәсіп түрі бойынша жүлделі орындар үшін күресіп, әлемдік чемпионатқа жолдама алды. «Плиткамен қаптау» номинациясы бойынша С. Дүйсенбеков, А. Баялы, Д. Тлебаев, И. Тұрғын жеңімпаз атанды. «Кірпіш қалау» номинациясында: Д. Арал, Н. Аманжолов, Е. Ерғали.
        WorldSkills-2019 халықаралық чемпионаты Қазан қаласында (Ресей) өтеді.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.