BI Group Шымкенттегі тұрғын үй орамының құрылысына қатысты жағдайға түсініктеме берді

        9 қыркүйек 2020

        Қыркүйек айының басында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға заманауи тұрғын үй орамының құрылыс жобасын таныстырды. Отандық құрылыс саласындағы жетекші компаниялардың бірі – BI Group бұл жобаға қатысты мәселеге түсініктеме беру қажет деп санайды. Холдинг Шымкент қаласын дамытуға 130 млрд теңге инвестициялайды. Жалпы, бұл жоба жергілікті қалалық бюджетке салық түрінде 15 млрд теңге әкеледі.

        Сондай-ақ, BI Group жобада әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен назар аударылғанын түсіндірді. Жобаны іске асырудың 6 жылында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында 1500 орынды жаңа мектеп, емхана мен балабақша салынады. Сондай-ақ, Тұлпар көлінің жағалауын абаттандыру жоспарланған.

        Шымкенттегі ескі ипподромның орнына тұрғын үй кешені салынбақшы деген жаңалық қала тұрғындарының назарын аудартты. Бәйдібек би даңғылында орналасқан қазіргі ипподромды BI Group компаниясы қаланы дамытудың бас жоспарына сәйкес жаңа орынға көшіреді. Қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, қала Shymkent City жағына қарай өсіп келеді және ипподром ат спорты үшін қолайлы жерге шығарылуы керек.

        Айта кету керек, салынғанына 30 жылдан астам уақыт болған ипподром толықтай ескірген. Ал BI Group компаниясының қаражаты есебінен салынатын жаңа ипподром заманауи талаптарға сай болмақ. Жалпы ауданы 14 450 шаршы метр ипподромда ат қорасы, манеж, ветеринариялық пункт және амбулаториясы болады. Сондай-ақ, «Көкпар» мен ат-спорт жарыстарына арналған алаң жасау жоспарланған.

        Бұдан басқа, тұрғын үй кешенінің және ипподромның құрылысы кезінде қалада 8500-ден астам жұмыс орны, оның ішінде қызмет көрсету саласында - 2500 жұмыс орны құрылады. Құрылыс материалдарын өндіру, арнайы техниканы жалға алу, жиһаз бен тұрмыстық жабдықтарды сату сияқты түрлі салалар белсенді дамытылады деп күтілуде, бұл әсіресе пандемия жағдайында қаланың жалпы дамуына жағымды әсер етеді.



        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.