BI Group сыбайлас жемқорлыққа қарсы

        30 сәуір 2021

        BI Group елімізде алғашқылардың бірі болып Әдеп кодексін қабылдады. Осы құжатқа сәйкес пара алды немесе берді деп күдікті деп танылған және айыпталған адаммен еңбек шарты бұзылады. Бұл қызметкер «қара тізімге» енгізіліп, Холдинг құрылымында енді ешқашан жұмыс істей алмайды. Сонымен қатар BI Group осы тізімді Қазақстан Республикасының барлық құрылыс компанияларына тарату, елдің даму және құрылыс саласында құқық бұзушыны «персона нон грата», яғни «қаламайтын тұлға» деп жариялау туралы бастама көтерді.

        Қауіпсіздік қызметі холдингтің мүдделеріне қарсы бағытталған қызметкерлер немесе жеткізушілер/мердігерлер тарапынан жосықсыз әрекеттер немесе алаяқтық тәуекелдеріне (ұрлау, жеткізушілермен немесе мердігерлермен сөз байласу) тұрақты мониторинг жүргізеді.Ол үшін қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша ішкі бақылау жасалған. Жосықсыз іс-әрекеттер жасағаны үшін сотталған барлық адамдарға қатысты еңбек келісімшарттарын бұзуды және залалды өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, қатаң шаралар қабылданған. Бұл ретте жазаның бұлтартпастығы қағидаты лауазымына қарамастан, барлығы үшін қолданылады. Холдингте сондай-ақ ірі әлемдік компанияларда қолданылатын стандарттарға сәйкес келетін комплаенс рәсімдері енгізілгенін атап өткен жөн.

        Компанияның барлық деңгейдегі басшылары жыл сайын өз кірістерін, шығыстары мен активтерін декларациялауға міндетті. Холдингте тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың барынша ашық рәсімі, сондай-ақ жеткізушілерге арналған Әдеп кодексі имплементацияланған. Әрбір объектіде серіктестер немесе клиенттер пара беруді қорқытып алу немесе айдап салушылық жағдайлары туралы хабарлай алатындай қауіпсіздік қызметінің байланыстары бар. Біз уәкілетті мемлекеттік органдармен, атап айтқанда, Холдинг қызметінде құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен белсенді түрде ынтымақтасамыз.

         Жеңіл атлетика спорт кешені (ЖАСК) мекемесіндегі жоба менеджері жасаған теріс қылықтарына қатысты біз компанияның мұндай фактілерге мүлдем төзбейтіндігін жауапкершілікпен мәлімдейміз. Компанияның әдеп кодексін бұзған адамдар қара тізімге енеді. 

        Өкінішке қарай, қызметкер Ж. өз тағдыры мен беделіне нұқсан келтірді. Жазаның ауырлығы сот үкімімен ғана анықталады, бірақ апелляциялық саты әлі шешім шығармағандықтан, сот үкімі шығарылған жоқ. Сонымен қатар қызметкер Ж. өз тобы мен компания басшылығы артқан сенімді ақтамады.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.