Adal тұрғын үй кешенінің екінші кезегі тапсырылды

        20 шілде 2020

        Төтенше жағдай, карантин, шекараның жабылуы мен адамдардың жүріп-тұруына қойылған шектеу сынды барлық пандемия жағдайында туындаған қиындыққа қарамастан BI Group Adal тұрғын үй кешенінің екінші кезегін дәл белгіленген мерзімінде тапсырды.

        Сатып алушылардың бір бөлігі холдинг тек монолитті үйлер салады деп ойлайды. Шын мәнінде, BI Group жылжымайтын мүліктің кең ауқымын ұсынады. Бұл Қазақстанда енді ғана дамып келе жатқан модульдік үй құрылысы мен ірі панельді нысандар, сондай-ақ, ғасырлар бойғы тексеруден өткен кірпіш үйлер. Adal тұрғын үй кешені кірпіштен салынған. Жобаның танымалдылығын растайтын факт – 247 пәтерден сатылмаған тек біреуі қалғандығы.

        Кешенде ішкі аула маңызды орын алады. Ол функционалдық және эстетикалық тұрғыдан жоғары деңгейде жоспарланған. Бірегей ландшафтық дизайн шағын сәулет нысандарын қамтиды. "Карпов" күркесі орналасқан жайлы аймақта тұрғындар шахмат ойнау үшін жинала алады. Сондай-ақ, ауладағы шағын сәулет нысандары тыныш және шулы алаңдарға бөлініп орналастырылған.

        Үй аумағындағы көгалдандыруға көп көңіл бөлінген. Ол арнайы микроклимат жасап, жайлылық сезімін сыйлайды. Мұнда сібір шыршасы, курил шайы, жапон спирейі, Тунберг барбарисі, жөке, қайың және қарағай отырғызылған. Кезектегі барлық 24 кеңсе сатылып үлгерген. Өйткені, жақын арада №37 көшеге жол салынып, онда бизнес сұранысқа ие болады. Қазір екінші кезекте қоймалар мен тұрақ орындары ғана қалды. Дегенмен, пәтерді кешеннің ағымдағы жылдың желтоқсан айында тапсырылатын, құрылыс жұмыстарының 65%-ы аяқталған үшінші кезегінен алуға болады.  

        Толық ақпаратты біздің сату бөлімдерінен, 360 қысқа нөмері (ұялы телефоннан тегін) немесе қалалық 360-360 байланыс нөмері арқылы алуға болады.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.