Fitch Ratings агенттігі BI Development Ltd. компаниясына «BB» несие рейтингін берді

        5 қыркүйек 2024
        2024.09.05. - Фитч.jpg

        4 қыркүйекте халықаралық Fitch Ratings агенттігі BI Group холдингінің еншілес компаниясы – BI Development Ltd. компаниясына ұзақ мерзімді несие рейтингі ретінде «BB» көрсеткішін және «Тұрақты» болжамын тағайындады. BI Development Орталық Азиядағы құрылыс саласының өкілі ретінде осындай жоғары рейтингке қол жеткізген алғашқы және жалғыз компания атанды. Осындай деңгейдегі рейтинг Қазақстандағы жеке бизнес секторының бірнеше екінші деңгейлі банктерінде ғана бар.

        Үлкен үштікке (Fitch, Standard & Poor's, Moody's) кіретін Fitch агенттігінің есебінде BI Development тұрақты өсім көрсетіп, сәтті қаржылық нәтижелерге қол жеткізіп отырғаны бұл компанияның құрылыс саласындағы көшбасшылардың бірі екенін көрсететіні айтылған.

        Fitch BI Development компаниясының жоғары өтімділік қоры бар екенін ерекше атап өтті. Бұл қор активтерді тиімді басқаруға және нарықтағы өзгерістерге икемді бейімделуге мүмкіндік береді. Компанияның тұрақты қаржылық нәтижелері мен жақсы ойластырылған даму стратегиясы оның болашақтағы өсуіне қолайлы жағдай жасап отыр.

        «Рейтинг BI Development-тің Қазақстанның өсіп келе жатқан нарығындағы көшбасшылық орнын және компанияның төмен қарыз жүктемесін көрсетеді. BI Development Қазақстанда негізгі құрылыс компанияларының бірі ретінде брендтік беделін қалыптастырған. Компания жылжымайтын мүлік саласындағы ауқымды жобаларды кешенді жоспарлау, дамыту және басқару жұмыстарын жүзеге асырады. 2022 жылдан бастап BI Development шетелдегі ықпалын белсенді түрде кеңейте бастады», - делінген Fitch Ratings есебінде.

        Жоғары рейтингтің расталуы BI Development үшін жаңа мүмкіндіктер есігін ашады. Бұл компанияға тиімді инвестицияларды тартуға және халықаралық серіктестер шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.

        «Fitch агенттігінің «BB» рейтингі және «Тұрақты» болжамы - BI Development пен BI Group холдингі үшін маңызды белес. Бұл рейтинг біздің қаржылық саясатымыздың тұрақтылығы мен ашықтығын ғана емес, жаңа нарықтарға шығуға дайын екенімізді де көрсетеді. Біз Орталық Азияның құрылыс саласындағы көшбасшылардың бірі болғанымызды мақтан тұтамыз және бұл жетістік бізге инвестиция тарту мен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Біздің серіктестеріміз бен клиенттеріміз BI Development-тің жоғары стандарттарды сақтай отырып, озық шешімдер ұсынатынына сенімді бола алады», – деп атап өтті BI Development Ltd. компаниясының бас директоры Амангелді Омаров.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.