Алматы әкімі BI Group салған «Жанұя» мектеп-интернатын аралады

28 тамыз 2025
Холдинг

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды және BI Group басшысы Айдын Рахимбаев ашылуы 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Жанұя» кешенін көрді. Қала басшысы аяқталған жұмыс нәтижесімен танысты, педагогтар және тәрбиеленушілермен сөйлесті, құрылыс сапасын атап өтті және BI Group компаниясына әлеуметтік салаға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

1962 тұрғызылған интернат ғимараттары апаттық жағдайда болып, балаларға қатер төндіріп тұрған болатын. 2024 жылы BI Group корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында жеке бастамасымен ескі корпустарды бұзып, шамамен 6 млрд теңгеге жуық жеке қаражатына жаңа кешен салуды ұсынды. Жоба халықаралық тәжірибе мен инклюзия сарапшыларымен бірлесіп жасалды.

Құрылыс жұмыстары кезінде оқушылар уақытша «Өрнек» лагеріне көшіріліп, №1 мектеп-интернатында білім алды. Бүгінде барша жұмыс аяқталды, мектеп территориясы орналастырылды, және қыркүйекте балалар жаңа үйіне қайта оралады.

Кешеннің жалпы ауданы шамамен 12 мың шаршы шақырымды құрайды. Онда сыныптар, шеберханалар, 216 орынға шақталған жататын орын, ас үй, спорт және хореографияға арналған залдар, логопед, психолог, дефектолог және ЛФК кабинеттері орналасқан. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы тактильді және түрлі-түсті бағыт беретін инклюзивті орта жасалған. Ауласында спорт алаңы, демалуға арналған орын бар және жаңа аллея отырғызылған.

«30-жылдығымызды компания ішінде атап өтпей, қоғамға сыйлық жасауды ұйғардық. Монумент не фонтан салуымызға болар еді, бірақ нағыз құндылық әкелетін нәрсені таңдадық. Яғни, жүздеген бала қоғамға керек екенін және сүйікті екенін сезетіндей үй тұрғыздық», – деп атап өтті BI Group СЕО-сы Айдын Рахимбаев.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.