ALA Park-та ашық есік күні өтті

        8 қыркүйек 2021

        Комфорт санатындағы Ala Park тұрғын үй кешені оңтүстік астананың картасында 2022 жылдың екінші тоқсанында пайда болады. Жобада барлығы 19 блоктан тұратын төрт кезек қарастырылған. Әр қабатта 4-5 пәтер болады. Клиенттер Ашық есік күнінде болашақ үйінің барлық артықшылықтарымен танысты.

        Кешеннің жанында барлық қажетті инфрақұрылым бар: "Асыл Тау" ТҮК-дегі балабақша, мектеп, лицей, метро станциясы, ADK СОО, театр.

        Машиналардан толық оқшауланған және жаяу серуендеуге, ойындар мен демалуға арналған қауіпсіз аула – BI Group-тың барлық үйлерінлегі айрықша ерекшелік. Үлкен құмсалғыш пен шағын автодромы бар балалар алаңы спорт секциясынан шағын аллеямен бөлінген. Футбол және баскетбол және work-out аймағы бар алаңдар барлық қажеттіліктермен: тренажер, баскетбол сақинасы және қақпамен жабдықталған. Қауіпсіздік үшін футбол алаңы тормен қоршалған. Әр аймақтағы ойындарды кешен аумағындағы орындықтарда отырып бақылауға болады.

        Тұрғындар үшін аулада шағын бақтар ұйымдастырылады, сондықтан олар қала сыртына шықпай-ақ, табиғатпен үндесіп, бос уақытын тиімді өткізе алады. Бақшалардың астында жарықтандырылған аймақ болады. 

        Кішкентай бүлдіршіндері бар отбасылар бала арбасын қоятын арнайы бөлмелерді бағалайтыны сөзсіз. Қауіпсіздік үшін кешен бейнебақылаумен және күзет пунктімен жабдықталады. Пәтерге кіру карта, кіру коды немесе кәдімгі кілт арқылы ашылатын электрондық құлыптармен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, үй сатып алу кезінде әрбір клиент бейнебақылауға рұқсаты бар IP-телефонияны пайдалануға алады. Компания әрлеу қызметтерін ұсынады.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.