Жайлылық пен қауіпсіздікке назар аударылды: Алматыдағы жаңа кешеннің артықшылықтары аталып өтті

Өткен демалыс күндері Алматыдағы комфорт класты ALA Park-2 тұрғын үй кешеніндегі пәтер иелеріне баспаналарының кілтін тапсыру басталды. Жақын күндері 290-ға жуық отбасы BI Group құрылыс компаниясынан өз пәтерлерін қабылдап алады.
Тұрғындар жаңа жобаның бірқатар ерекше артықшылықтарын
атап өтті. Мәселен, аулаларда көкөніс пен өсімдіктерді өсіруге қажетті барлық
құрал-жабдығы бар шағын бақтар қарастырылған. Нысанның жанындағы «Асыл Тау»
тұрғын үй кешенінде балабақша, мектеп, лицей, АDК сауда үйі, театр, Family Park
және т.б. инфрақұрылым дамыған.
Тұрғын үй кешенінің негізгі артықшылықтары мыналар:
– көліктерден толығымен оқшауланған және серуендеуге,
ойнап, демалуға арналған қауіпсіз аула;
– спорт алаңы мен шағын аллеяға іргелес үлкен құмсалғышы
бар ойын алаңы;
– футбол алаңы, стритбол ойнауға арналған спорт алаңы
және тренажерлар, баскетбол шеңбері мен қақпа қойылған жаттығу алаңы. Футбол
алаңы қауіпсіздік үшін тормен қоршалған;
– клиенттердің көліктері екі деңгейлі жабық көлік тұрағы мен
велотұрақта тұрады;
– жеке заттарын сақтауға қоймалар қарастырылған;
– кешенде бейнебақылау орнатылған, күзет бекеті бар;
– пәтерлерге электронды құлыптар қойылған.
Тұрғын үй кешенінде бизнес пен инфрақұрылымды дамытуға
арналған еркін жоспарланған коммерциялық үй-жайлар қарастырылған.
Сонымен қатар компания ұсынатын негізгі әрлеу қызметімен мына
онлайн-конструктордан танысуға болады: https://smartremont.kz/onboarding.
Мақпал, ALA Park ТК тұрғыны:
Бұл – менің алғашқы жеке пәтерім.
Біз балаларымызбен бірге жаңа үйімізге көшуді асыға күттік, сондықтан да мен
өте бақыттымын! Компанияға арманымызды орындағаны үшін алғысымыз шексіз!
BI Group тұрғын үй кешенінің үшінші кезегін 2023 жылдың
қазан айында аяқтауды жоспарлап отыр. Пәтерлер қазірдің өзінде сатылымға шықты.
Толық ақпаратты ұялы телефоннан 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы, құрылыс
компаниясының https://bi.group/ru/ ресми сайтынан және Instagram желісіндегі
@bi.group.almaty парақшасынан алуға болады.