Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің сейсмикалық төзімділігіне қатысты BI Group компаниясының ресми мәлімдемесі

        16 ақпан 2023

        Құрметті клиенттер,

        Түркия мен Сирияда болған зілзалаға байланысты компания салып жатқан нысандардың төзімділігіне қатысты сенімсіз ақпараттың таралуына түсіндірме беруді жөн деп санаймыз.

        Алматы қаласындағы жобаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдап отырғандарыңызға түсіністік таныта келе, Холдингтегі заманауи тәсілдер мен құрылыс барысы туралы бірнеше дерек келтіргіміз келеді:

        ·  Ғимараттарды жобалауды бастамас бұрын жоспарланған құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық зерттеулері бойынша жұмыстар мұқият жүргізіледі. Инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарын осы саладағы жетекші компания «Қазақ геотехникалық инденерлік іздестіру институты» ЖШС («ҚАЗГИІИ» ЖШС) жүргізеді.

        · Топырақтың физикалық-механикалық, сейсмикалық қасиеттері мен категориясы, жер телімінің инженерлік-сейсмикалық жағдайы, құрылыс аймағының сейсмикалық деңгейі, жарылған жердің бар-жоғы инженерлік-геологиялық жұмыстар аясында анықталады. Үй салынатын аумақ қауіпті деп танылса, компания ол жерге құрылыс жұмыстарын жүргізбейді.

        · Геологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша жобаның құрылымдық жүйесі, қабаттардың саны мен жоспардағы ғимараттың өлшемдері анықталады. Көпқабатты үйлер салынған жағдайда тіреу қабырғалары бойлық және көлденең бағытта орналасқан айқаспа қабырғалық құрылымдық жүйе қабылданады. Бұл жүйе сейсмикалық жүктемелердің барлық жиынтығына төзімді, сенімді және еңбекті көп қажет ететін жүйелердің бірі болып табылады.

        · Ғимараттарды жобалау кезінде барлық антисейсмикалық шаралар сақталады (ғимараттың биіктігі бойынша сейсмикаға қарсы тігістерді орнату, газдалған бетон блоктарынан салынатын қабырғалар мен арақабырғаларды нығайту), іргетас пен тірек құрылымдарды есептеу кезінде асқан дәл, егжей-тегжейлі жұмыстар жүргізіледі. Инженерлік-геологиялық іздестірулерге сәйкес сипаттамалары бар іргетастардың көтергіштігі мен пайдалану жарамдылығын есептеу жұмыстары «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ (ҚазҚСҒЗИ) ғалымдарын тарта отырып, PLAXIS бағдарламалық кешені арқылы жүргізіледі.

        · Біз оларға еуропалық стандарттар мен ұлттық қосымшаларды қолданамыз. Терезе мен есік ойығының үстінде кеңістіктік қаңқалары бар қиғаш темір арқау пайда болды. Сондай-ақ есептеу нәтижелеріне қарамастан, қабырғалардағы темір арқаудың ең төменгі пайызы 2,5 есе өсті.

        · Сейсмикалық аудандарда орналасқан ғимараттардың темір арқауы мен бетонының мөлшері сейсмикалық қауіпсіз аудандармен салыстырғанда 25-30%-ға артық. Салыстыру үшін төмендегі кестеге қараңыз:

        Көрсеткіштің атауы

        Сейсмикалық қауіпті аудан

        Сейсмикалық қауіпсіз аудан

        Тірек құрылымдар темір арқауларының диаметрі

        22-28 мм

        12-16 мм

        Тіреуіш қабырғаның қалыңдығы

        300-400 мм

        200-250 мм

        Іргетастың қалыңдығы

        1200-1800 мм

        600-800 мм

        · Биіктігі 9 қабаттан асатын ғимараттардың жердің жоспарлы белгісіне қатысты іргетасының тереңдігі олардың жер үсті бөлігінің биіктігінен кемінде 10 % қабылданады. Біздің барлық ғимараттың іргетасы монолитті темірбетонды қатты плиталардан қаланады. Іргетас тақталары сыртқы қабырғалардың шетінен жеткілікті шығыңқы бөлікке ие тіректермен күшейтілген, бұл ғимараттың жер сілкінісі кезіндегі тұрақтылығын 50%-ға қосымша қамтамасыз етеді.

        · Ғимараттар мен құрылыстардың тіреуіш құрылымдарының есебі «ЛИРА-САПР», STRAP (Израиль), MIDAS (Оңтүстік Корея) бағдарламалық жүйелерінде жүзеге асырылады. Бұл бағдарламалық жүйелер Қазақстан Республикасының нормативтік талаптарына толық сәйкес келеді және оларды жетекші елдер жобалау барысында қолданады.

        · Барлық жобалық-сметалық құжаттама сенімділік бойынша нормативтік талаптарға сәйкестігіне екі кезеңді тексеруден өтеді. Ішкі сараптаманы BI Group және «МЕМСАРАПТАМА» РМК жүргізеді.

        ·  Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары ауытқулар мен қателерді болдырмау мақсатымен компанияның жұмыс жобасы мен корпоративтік стандарттарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Тірек құрылымдарға ерекше назар аударылады. Арматуралық жұмыстарды, бетон қоспасының сәйкестігін және конструкциялардың беріктігін бақылау белгіленген тәртіпте жасырын жұмыстарды сараптау актісімен және жауапты құрылымдарды қабылдау актісімен ресімделеді.

        ·  Ғимараттардың құрылысында қолданылатын барлық материал кіріс бақылауынан өтеді, сапа сертификаттары, өнімнің Еуропалық Одақ талаптарына сәйкестік сертификаттары, аккредиттелген сынақ зертханаларының сынақ хаттамалары бар.

        Біз компаниямыздың басты құндылығы әрқашан клиенттеріміздің болғанын және болып қала беретінін, сондай-ақ олардың жайлылығы мен қауіпсіздігін атап өтеміз. Сондықтан Холдинг тұрғын үй және басқа да ғимараттарды салу кезінде орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше көңіл бөледі.

         Құрметпен, BI Group.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.