Белгілі сәулетші жобалаған үй болашақ тұрғындарға өз есігін айқара ашты

        27 ақпан 2023

        Өткен демалыс күндері Алматыдағы AMIR -2 жаңа тұрғын үй кешенінде ашық есік күні өтті.

        AMIR тұрғын үй кешені – 4 кезектен тұратын, «бизнес» және «бизнес плюс» класты жоба. Оның басты артықшылықтарының бірі – қаланың жаңа орталығының жоғарғы бөлігіндегі тыныш ауданда орналасуы. Жақын жерде  ЖОО-лар, мектептер, балабақшалар, спорт және мәдениет нысандары, сауда орталықтары, саябақтар мен скверлер, сондай-ақ метро станциясы орналасқан.

        Кешен белгілі сәулетші Нұрлан Қамитовтың сәулеттік жоспары бойынша  жобаның мәртебесін арттыратын заманауи классикалық тұжырымда салынатын болады.

        Мұнда желдетілетін қасбет орнатылып, бірінші қабаттар табиғи тастармен безендіріледі. Алдыңғы қатарлы салалық стандарттарға сәйкес келетін сенімді техникалық және инженерлік шешімдер жайлылықтың жоғары деңгейінің негізі болып табылады.

        Кореялық Daewoo E&C компаниясымен бірге пәтерлердің дыбыс оқшаулауын жақсартатын Acoustic Pro технологиясы қолданылады.

        Кіреберістерге ерекше назар аударылып,  төмендегілер қарастырылады:

        - жоғары сапалы материалдар пайдаланылған дизайнерлік әрлеу;

        - үйге кіруді басқару жүйесі;

        - тұрғындар үшін бөлек кіреберіс;

        - панорамалық шыны есіктер;

        - IP-домофон.

        Бүкіл отбасымызбен AMIR тұрғын үй кешеніндегі пәтер кілтін алуды күтіп жүрміз. Құрылыстың тезірек аяқталып, жаңа үйімізге қоныстануды асыға күтеміз, – дейді жылжымайтын мүлік иесі Нұрсұлу.

        Кешеннің 1- және 2-қабаттарында кіріктірілген де, жеке тұрған да коммерциялық үй-жайлар қарастырылған.

        Тұрғын үй кешеніне өзін 18 жыл бойы нарықта кәсіби тұрғыда танытқан, еліміз бойынша 5,9 миллион шаршы метрден астам тұрғын үйге қызмет көрсететін BI Service Басқарушы компаниясы қызмет көрсетеді. Компанияның 80 мыңнан астам қазақстандық клиенті болып табылады. 

        Құрылысты аяқтау 2023 жылдың мамыр айына жоспарланған. Сатылымда пәтерлер бар. Толық ақпаратты ұялы телефоннан 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы, Instagram желісіндегі @bi.group.almaty парақшасы мен компанияның https://bi.group/ru/ ресми сайтынан алуға болады. Сонымен қатар сату бөліміне хабарласып немесе BIG App қосымшасында сатып алуды ресімдеп, Үлестік қатысу шартына онлайн-режімде қол қоюға болады. 

        Компанияның басты құндылығы әрдайым клиенттері, сонымен қатар олардың жайлылығы мен қауіпсіздігі болғанын және болып қала беретінін атап өткен жөн. Сондықтан BI Group тұрғын үй мен басқа да ғимараттар құрылысының сапасына ерекше мән беріп салады.

        Құрылыс компаниясының Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің сейсмикалық төзімділігі туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: https://company.bi.group/ru/press/almatyseismostoikostcomment

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.