Алматыдағы алғашқы бигвиллде сатылым басталды

Өткен демалыс күндері алматылық алғашқы Arena Park бигвиліндегі пәтерлерді брондау
басталды.
Бигвилль - оңтүстік астана
үшін дамудың жаңа бағыты. Бұл – тұрғын үй кешендерімен қатар
жайлы өмір сүру үшін медициналық, білім беру, спорт мекемелері, сауда алаңдары
мен саябақтар, ыңғайлы кіреберіс жолдары сияқты барлық инфрақұрылымы бар «қала
ішіндегі қала».
Arena Park Comfort-2-де 385 пәтер сатылымға шықты.
Квартал Алатау ауданындағы
Б.Момышұлы, Мөңке би, Оңғарсынова көшелері мен Рысқұлов даңғылы алаңында
орналасқан. Жақын жерде №182, №201, №209 жалпы білім беретін мектептер,
№148, №37 балабақшалар, №29 қалалық емхана, Д. Қонаев атындағы мешіт, «Алатау»
театры, Almaty Arena КК, Asia Park пен Domillion СОО, Magnum Сash & Сarry
бар.
36 гектарды қамтитын Arena Park-те абаттандырылған
қалалық саябақ, қауіпсіз жабыны бар playhub, мектеп, балабақшалар орналасатын
болады. Жоба тұрғын үй, коммерциялық және ойын-сауық функцияларын бір жерде
біріктіруді көздейтін танымал шетелдік mixed-use принципіне негізделген. Сондықтан
азық-түлік супермаркеттері мен басқа да пайдалы қызметтері бар бөлшек сауда
аймағы бірінші қабаттарда болады. Сондай-ақ витражды әйнекпен, 4,5 м-ге дейінгі
биік төбелермен және бөлек желдетумен қамтылған, 3500 немесе одан да көп тұрғын
ағыны бар еркін жоспарлауға болатын комерциялық үй-жайлар да көзделген.
Аула аумағына көліктердің кіруіне тиым салынған. Сонымен қатар
жоба ландшафттық дизайнмен, 24/7 бейнебақылаумен, қауіпсіздікдік пункті, ойын
алаңдары, жасыл аймақ және күркелермен жабдықталады.
Кешеннің артықшылығы жақсартылған таза әрлеуде
берілетіндігінде. ІP домофониясы клиенттерге күзетпен байланысуға, келушілермен
сөйлесуге, бақылау камераларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұнда
соққы шуының таралуын бөгейтін «қалқымалы еден» және дыбыс сіңіретін пәтер
аралық қалқа қолданылатын Аcoustic Pro технологияларын пайдаланған.
Жобада boxroom-дар да бар – сөрелермен жабдықтауға және
сақтау үшін пайдалануға болатын шағын кеңістіктер. Велосипед тұрақтары да
қарастырылған.
Жылжымайтын мүлікті онлайн режимде сатып алуға болады. BI
Group құрылыс компаниясы алғашқылардың бірі болып инновациялық технологиялар
арқылы үлестік қатысу шарттарына онлайн қол қоюға көшті. Бұл қызмет клиенттерге
BIG App қосымшасында қолжетімді.
Arena Park-ті BI Service басқарушы компаниясы басқарады.
Ол өзінің кәсібилігін18 жыл ішінде нарықта танытып, бүкіл ел бойынша 5,5 млн
шаршы метрден астам тұрғын үйге қызмет көрсетіп келеді.
Бигвилль тұрғындары үшін BI Group Бақыт министрлігінің
қызметтерін ұсынады, оның негізгі мақсаты - бос уақытты тиімді өткізу мен
тұрғындар арасындағы тату көршілікті дамытуға бағытталған ойын-сауық
іс-шараларын ұйымдастыру.
Бигвиллдің екінші кезегін тапсыру 2024 жылдың жазына
жоспарланған.
Толық ақпаратты 360 нөмері бойынша, инстаграмдағы
@bi.group.almaty ресми парақшасынан немесе компанияның https://bi.group/ru/
сайтынан және сату бөлімдерінен алуға болады.