Атамұра бигвиліне алғашқы клиенттері қонаққа келді
-72.jpg)
Атамұра Business-1 бигвилінде өткен демалыс күндері ашық есік күні өтті. Болашақ тұрғындар құрылыс барысымен танысып, баспаналарын көріп, келешек көршілерімен кездесті.
Бақыт, Атамұра Business-1 тұрғыны:
«Жаңа баспанамызға көшуді асыға күтіп жүрміз! Жақында үйіміздің жанында әдемі жасыл аллея пайда болады, балаларымызбен сонда серуендейтін боламыз».
Атамұра бигвилінің арбат-аллеясы BI Group Grand Park, Arman Qala жобаларын, сондай-ақ оларға іргелес орналасқан Shymkent City аумағындағы барлық саябақты біріктіретін қаланың нағыз көрнекі орыны мен көркіне айналады.
Шымкент қаласы үшін эксклюзивті болып табылатын бірінші қабатында террассалары бар пәтерлер Атамұра және Arman Qala бигвильдерінде алғаш рет салынып отырғанын атап өту керек.
Жалпы, Шымкент үшін бигвилль тұжырымдамасы – жаңа әрі таңсық дүние. Құрылыс компаниясы «бигвилль» деген ерекше атауды «қала ішіндегі қала» форматындағы жобаларға береді. Компания мұндай кешендердің жанына емхана, университет, мектеп, балабақша, фитнес клубы, саябақ, аллея, шағын және орта бизнесті дамытуға арналған сауда алаңдары сияқты әлеуметтік инфрақұрылымдарды бірге салады.
Сонымен қатар бигвилль аумағында жаңғыртылған инженерлік инфрақұрылым, көлік тұрағы аймақтары, қалалық көлік қозғалысына салмақ түсірмейтін кірме жолдар салынып жатыр.
Атамұра секілді әрбір бигвилль балалар мен ересектерді қызықтыратын заманауи әрі қауіпсіз ойын алаңдарымен жабдықталған. Адамның уақытын үнемдеу – мұндай жобалардың ең маңызды артықшылығы, енді тұрғындар күнделікті істері үшін сағаттар емес, минуттар ғана жұмсайтын болады. Барлығы тұрғындардың сұранысын ескере отырып жасалған.
Жобада ауланың әрбір бұрышына бейнебақылау жүйесі орнатылған қауіпсіз «тыныш аула» тұжырымдамасы қарастырылған.
Атамұра бигвилінің жүрегі – оның пәтерлері. Мұнда клиенттердің жайлы өмір сүрулері үшін барлық қажетті жағдай жасалған. BI Group компаниясы құрылыс барысында белсенді қолданатын «ақылды» технологиялардың көмегімен пәтерлерге саусақ ізі, код, смарт-карта, механикалық кілт сияқты төрт жолмен кіруге болады. IP-домофон тұрғындардың күзет бекетімен бір рет басу арқылы байланысуларына, келушілермен сөйлесіп, тұрғын үй кешеніндегі бақылау камераларындағы бейнежазбаны қарауға рұқсат алуларына мүмкіндік береді.
Құрылыс компаниясы қатты шуды естіртпейтін «қалқымалы еден» технологиясы мен дыбысты жұтатын Acoustic Pro пәтераралық қалқасын қолданған.
Атамұра Business-1 бигвилінің құрылысы 2023 жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Тағы 89 пәтер сатылымға шығарылды. Толық ақпаратты сату бөлімінен, ұялы телефоннан 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы, Instagram желісіндегі @bi.group.shymkent парақшасынан және компанияның https://bi.group/ru/ ресми сайтынан алуға болады. BIG App қосымшасы арқылы сатып алуды ресімдеп, Үлестік қатысу шартына онлайн-режімде қол қоюға болады.