BI Development Ltd. алғашқы біріктірілген жылдық есебін жариялады

        30 мамыр 2025
        Мы строим счастье

        BI Group холдингінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі BI Development Ltd. жеке компаниясы 2024 жылдың қорытындысы бойынша алғашқы біріктірілген жылдық есебін шығарды. Бұл қадам компанияның ашықтыққа, корпоративтік жауапкершілікті бекітуге және тұрақты даму мен ESG принциптерін ұстануға деген ұмтылысын көрсетеді.

        Біріктірілген есеп компанияның операциондық, қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштерінен тұрады және GRI (2021), SASB және Integrated Reporting Framework халықаралық принципі сияқты халықаралық стандарттарға сәйкес дайындалды. Бұл BI Development компаниясына қоғам дамуы мен қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге қосқан үлесін қоса алғандағы өз қызметінің нәтижелерін ашық және тұрақты түрде жариялауға мүмкіндік береді.

        «BI Group экожүйесінің бір бөлігі бола отырып, біз толық циклді девелопментті жүзеге асырамыз. Учаскелерді таңдаудан және жобалаудан бастап, тұрғын үй нысандарын салу және оларға кейіннен қызмет көрсетуге дейін барлық жұмыстарды атқарамыз. Біздің жетістік – бұл 8,5 миллион шаршы метрден астам салынған тұрғын үй, 500 мыңнан астам тұрғын және жүздеген жүзеге асырылған жобалар. Нарықтағы 30 жылда BI Group бренді қарқынды өсім, технологиялық трансформация және тұрақты жетілдіру жолынан өткен кемелденген әрі тұрақты компания ретінде белгілі. Бұл біздің тұрақтылығымызды айқындап, инновацияларға, тұрақтылыққа және өмір сапасын арттыруға бағытталған қызметіміздің көрінісі», – деді BI Development директорлар кеңесінің төрағасы Асхат Омаров.

        Есепте көрсетілген негізгі көрсеткіштер мен жетістіктердің қатарында: 2024 жылы парниктік газдардың тікелей шығарындыларының мөлшері (1 және 2 санаттары) СО2-эквиваленті 17 мың тоннаны, ал жалпы энергия тұтыну 319 мың ГДж-ды құрады; ресурстарды ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған бастамалардың жалғасын табуы; әлеуметтік инвестициялар бағдарламаларын жүзеге асыру: білім беру, спорт, мәдениет және өңірлік инфрақұрылым саласындағы жобаларды қолдау; қайырымдылық бастамаларын кеңейту және жергілікті деңгейдегі әлеуметтік жобаларға белсенді қатысу.

        Компания ESG-трансформацияны ұзақ мерзімді даму стратегиясының негізгі элементі ретінде таниды. Ол барлық мүдделі тараптардың сенімі мен тұрақты өсімге бағытталған.

        «2024 жылы біз жүйелі түрде өстік, ішкі өзгерістер кезеңінен өттік. Жобаларды басқаруды жетілдірдік, сапа стандарттарын, өндірістік қуатты кеңейттік және клиентке бағдарланған мәдениетті нығайттық. BI Development – бұл өзіне тән мінезі, стратегиясы бар және жауапкершілігі мол компания», – деп атап өтті BI Development бас директоры Амангелді Омаров.

        Бұл есеп KASE және AIX платформаларында жарияланады. Бұл инвесторлар, серіктестер және барлық мүдделі тараптар үшін компания қызметі туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

        BI Development Ltd. компаниясының біріктірілген жылдық есебінің толық мәтінімен компанияның ресми сайтында және қор биржалары платформаларында танысуға болады.

        Біріктірілген жылдық есептің электронды нұсқасына сілтеме

        Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
        Telegram арқылы жазсаңыздар болады
        Сайттың сапасын бағалаңыз
        немесе қателері туралы айтыңыз
        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.