BI Finance жаңа BIG Tandau бағдарламасымен нарық ережелерін өзгертуде

        22 қараша 2024
        2024.11.22. - Пресс-релиз по BI Finance (3000 знаков).jpg

        BI Group холдингінің құрамына кіретін BI Finance компаниясы BIG Tandau жылжымайтын мүлікке арналған микрокредит беру бағдарламасын қолданысқа енгізді. Енді кез келген адам Қазақстанның жетекші девелоперінен нарықтық мөлшерлемеден әлдеқайда төмен шарттармен пәтер ала алады.

        Көптеген зерттеулер мен мониторингтерге сәйкес, соңғы жылдары Қазақстанда тұрғын үйге деген сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді. Әсіресе, бұл үрдіс ірі қалалар мен облыс орталықтарында айқын байқалады. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, тек ағымдағы жылдың маусым айында мамырмен салыстырғанда тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6%-ға артқан. Алайда елдегі банк жүйесі ұсынатын ипотекалық және жеңілдетілген несие бағдарламаларының шарттары көбінесе халықтың көп бөлігі үшін қолжетімді емес.

        «Нарықты сараптай отырып, біз халықтың ипотекалық несиелерге деген сұранысы тұрақты түрде өсіп жатқанын байқаймыз. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 17%-ға өсті. Жеке тұрғын үйге деген сұраныс әлі де өте жоғары. Сондықтан, клиенттермен жұмыс істеу тәжірибемізге және ипотека мен пайызсыз бөліп төлеу бағдарламаларына сүйене отырып, BI Finance компаниясы қазақстандық Sapa Tech компаниясының инновациялық шешімдерін пайдаланып, BI Group-тан сапалы тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтарға арналған микрокредит беру жүйесін іске қосты. Біз жаңа опция көптен бері өз пәтерін армандаған, тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздеген немесе коммерциялық мақсатта жылжымайтын мүлік таңдаған адамдар үшін үлкен қолдау болатынына сенімдіміз. Жаңа өнімнің айқын артықшылықтарының бірі – көптеген адамдар үшін қолайлы бастапқы жарна және ыңғайлы төлем жүйесі, мұндай шарттарды бүгінгі күні Қазақстанның ешбір банкі ұсына алмайды», – деп бөлісті BI Finance директоры Нұрлан Оңғарбаев.

        BIG Tandau бағдарламасы тұрғындарға бастапқы жарнасы жылжымайтын мүлік құнының 30%-нан басталатын, 12 айдан 36 айға дейінгі мерзімге арналған микрокредиттерді ұсынады. Сыйақы мөлшерлемесі небәрі 6%-ды құрайды (ЖТСМ – 6-6,19%). Микрокредит сомасы 2 млн-нан 73 млн теңгеге дейінгі аралықта. Сонымен қатар, компания микрокредит беру, ресімдеу және ұйымдастыру бойынша ешқандай комиссия алмайды. Бағдарлама BI Group-тың салынып жатқан тұрғын үй нысандарына бағытталған, бұл клиенттерге тұрғын үйді ең тиімді бағамен және өте қолайлы шарттармен сатып алуға мүмкіндік береді.

        Сондай-ақ, BIG Tandau микрокредитті өтеудің ыңғайлы жүйесін ұсынады. Клиенттің таңдауына қарай бұл аннуитеттік немесе дифференциалды төлемдер болуы мүмкін. Микрокредитті ресімдеу бар болғаны бір күн алады. Ол үшін талап етілетін талаптар - рәсімдеушінің Қазақстан Республикасының 21-ден 64 жасқа дейінгі тұрғыны болуы және BI Group сату бөлімдерінде немесе ресми сайтында жылжымайтын мүлікті таңдап, қажетті құжаттарға қол қоюы. Микрокредитті мақұлдау, сондай-ақ басқа да операциялардың басым бөлігі (биометрия, бұлттық цифрлық қолтаңба, несие конвейері) онлайн режимде жүзеге асады.

        Бүгінде BI Finance ұсынған микрокредиттерді Алматы, Шымкент және Астана тұрғындары пайдалана алады. Жалпы алғанда, компания Қазақстанның 6 қаласында қызмет көрсетеді.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.