BI Group және Altyn Bank Қазақстандағы алғашқы коммерциялық ипотеканы іске қосты

16 шілде 2025
Холдинг

BI Group холдингі мен Altyn Bank бірлесіп, Қазақстан нарығы үшін бірегей өнім — коммерциялық жылжымайтын мүлікке арналған ипотеканы іске қосу туралы келісімге қол қойды. Бұл бағдарлама кәсіпкерлерге кеңселерді 10 жылға дейінгі мерзімге несие арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Қосымша кепілсіз және тек екі құжатпен рәсделеді.

«Коммерцияға ипотека» бағдарламасы Астана, Алматы, Шымкент және Атырау қалаларындағы BI Group-тың жаңа жобаларында үлестік қатысу шартымен сатылатын кеңселерге қолданылады.

«Бұған дейін кәсіпкерлер кеңселерді тек жеке қаражат есебінен сатып алуға мәжбүр болды немесе тұтынушылық несие рәсімдеді. Ертеректе кеңселердің 55%-ы бір жылдық бөліп төлеу арқылы сатып алынып, бизнеске айтарлықтай қаржылық жүктеме түсіретін. Енді ай сайынғы төлем төмендейді. Бұл – алғаш рет бизнесті дамыту үшін қолжетімді әрі ашық құрал. Тәуелсіздікке жол жеңілдеді», – дейді BI Finance өкілдері.

«Altyn Bank ұсынған коммерциялық ипотека – бұл кәсіпкерлерге ағымдағы бизнес міндеттерін шешіп қана қоймай, өз ісінің тұрақты болашағына инвестиция салуға мүмкіндік беретін құрал. Біз жеке кәсіпкерлердің ерекшелігіне бейімделген, икемді әрі түсінікті шарттарды ұсынамыз», – деді АО «Altyn Bank» басқарма төрағасының орынбасары Динара Арслан.

Бағдарламаға кім қатыса алады:

  • Кемінде 12 ай бұрын тіркелген
  • Жеңілдетілген салық режимі немесе патент негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер  

Несиелеу шарттары:

  • Несиелеу мерзімі: 1 жылдан 10 жылға дейін
  • Несие сомасы: 200 млн теңгеге дейін (объектінің бағасы – 400 млн теңгеге дейін)
  • Бастапқы жарна: 50%-дан бастап
  • Пайыздық мөлшерлеме: 0,1%-дан 17%-ға дейін (ЖТСМ 0,1%-дан 18,4%-ға дейін)  

Артықшылықтар:

  • Құрылысы жүріп жатқан кезеңде қосымша кепіл талап етілмейді
  • Онлайн мақұлдау – небәрі 5 минут
  • Тек 2 құжат қажет
  • Жанама табыс есепке алынады
  • Кез келген қызмет түріне жарамды  

Мысалы:

  • Нысан құны – 55 711 500 ₸
  • Бастапқы жарна – 50%
  • Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 16%
  • Ай сайынғы төлем – 490 000 ₸  

Коммерциялық ипотека – өз кеңсесін иеленіп, бизнесін кеңейтуді және инвестициялауды қалайтын кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Толық ақпаратты BI Group сату бөлімдерінен немесе Altyn Bank сайтынан алуға болады.

 

Анықтама үшін

BI Group – Қазақстандағы ірі құрылыс және инвестициялық девелопер. Жобаларын Қазақстанда, Өзбекстанда, БАӘ-де және АҚШ-та жүзеге асырады. ENR Top-250 Global Contractors жаһандық рейтингіне кіреді және Fitch агенттігінің BB (тұрақты) рейтингін алған отандық алғашқы құрылыс компаниясы.

АО «Altyn Bank» (China Citic Bank Corporation Ltd еншілес банкі) – заңды және жеке тұлғаларға толық қызмет түрлерін ұсынатын әмбебап коммерциялық банк. Жеке тұлғаларға қызмет көрсету Altyn-i цифрлық банкингі арқылы жүзеге асырылады. Банк актив көлемі бойынша 13-орында және Fitch – “BBB”, Moody’s – “Baa3” рейтингтерімен Қазақстандағы ең жоғары рейтингке ие банктердің қатарында.  Филиалдары: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау және АХҚО.  

АРРФР ҚР лицензиялары: № 1.1.114, № 3.3.254/46, берілген күні – 23.10.2024 ж.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.