BI Group Қазақстанда Citi банкімен серіктестік бастады

24 шілде 2024
Холдинг

BI Group құрылыс холдингі Қазақстанда Citi банкімен серіктестік орнатқанын хабарлады. Бұл маңызды оқиға компанияның ұзақ мерзімді халықаралық даму стратегиясының бір бөлігі болып табылады және оның жаһандық өсу мен инновацияларға деген ұмтылысын растайды.

BI Group басқарма төрағасы Асхат Омаров серіктестік туралы пікір білдіріп: 

«Citi банкімен ынтымақтастық орнату - біздің халықаралық стратегиямыздағы маңызды қадам. Біз Citi-дің сенімін жоғары бағалаймыз және бұл серіктестік біз үшін жаңа көкжиектер мен халықаралық нарықтағы позицияларымызды нығайтуға мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді.

BI Group корпоративтік клиент ретінде Citi банкіне қабылдану үшін күрделі іріктеуден сәтті өтті. Бұл компанияның сенімділігі мен тұрақтылығын көрсетеді. Іріктеуден сәтті өту толық қаржылық ақпаратты ұсыну, ақшаны жымқыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес бойынша халықаралық талаптарға сай болуды талап етті. Сондай-ақ компания несие қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылықтың жоғары стандарттарына сай болуға міндеттілді.

Сонымен қатар, BI Group соңғы үш жыл бойы KPMG компаниясының қаржылық аудитінен сәтті өтіп, халықаралық қаржылық стандарттар мен тәжірибелерді ұстануды жалғастыруда.

Citi банкімен серіктестік BI Group үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Компания заманауи қаржылық қызметтер мен құралдарға қол жеткізу арқылы өздерінің амбициялық жоспарларын тиімді жүзеге асырып, халықаралық нарықтағы позицияларын нығайтып, ұзақ мерзімді тұрақты өсуді қамтамасыз ете алады.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.