BI Group Жаңа Ташкентте «Астана» кварталының құрылысын бастайды
BI Group Жаңа Ташкентте 250 мың шаршы метрлік жобаны іске қосады
2025 жылғы 15 қарашада BI Group халықаралық девелоперлік холдингі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қатысқан телекөпір барысында Жаңа Ташкентте орналасатын «Астана» тұрғын үй кварталының жобасын таныстырды.
Жоба «Yangi Toshkent» дирекциясының тапсырысы бойынша жүзеге асырылып, қарқынды дамып келе жатқан жаңа астананың алғашқы заманауи кварталдарының бірі болмақ. Архитектуралық идея екі қаланың ерекшелігінен құралған. Астананың жастығы мен өсу қарқыны болса, Ташкенттің тарихилығына сүйенген. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени жақындық пен сенімнің көрсеткіші.
«Астана» кварталы заманауи, қолайлы орта қалыптастырған тұрғын аудан болады. Бұл жерде әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылым кешені қарастырылған. Бірінші кезең аясында 10 гектар аумақта құрылыс жұмыстары жүргізіледі, ал жобаның жалпы құны шамамен 200 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл қазақстандық девелопердің Жаңа Ташкентті дамытуға және мемлекетаралық серіктестікті нығайтуға деген ниетін көрсетеді.
Телекөпір барысында BI Group холдингінің бас директоры Айдын Рахимбаев былай деді:
«Құрметті Президенттер! Жаңа Ташкенттегі “Астана” тұрғын үй кварталының бірінші кезеңі аясында жалпы ауданы 250 мың шаршы метрден асатын 3 мыңнан астам пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстарының басталуына орай жобамыз толық дайын».
Жаңа Ташкенттегі «Астана» кварталының іске қосылуы қазақстандық девелопменттің халықаралық деңгейде жаңа стандарттар ұсына алатынын және урбанистикалық ортаның жаңа трендтерін қалыптастыра алатынын көрсетеді. Мұндай жобалар экономикалық ынтымақтастықты күшейтеді, жергілікті мамандар үшін жұмыс орындарын ашады, екі ел арасындағы сенімді арттырады. Қазақстандық бизнес үшін бұл – өңірлік көшбасшылыққа бағытталған маңызды қадам, ал Өзбекстан тұрғындары үшін – құрылыс саласындағы сапа, инновация және технологиялар бойынша қосымша кепілдік.