BI Group 200 қызметкерін Парижге жіберді — мотивациялық бағдарлама аясында

25 шілде 2025
Холдинг

BI Group компаниясы 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерге алғыс ретінде Парижге мотивациялық сапар ұйымдастырып, ішкі корпоративтік мәдениетті нығайтуды жалғастыруда. Франция астанасына үш топпен барлығы 200 қызметкер сапар шекті.

Шетелге мотивациялық сапарлар бағдарламасы BI Group-та 8 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және компанияда кемінде 10 жыл еңбек еткен қызметкерлердің барлығына қолжетімді. Осы уақыт ішінде 500-ден астам қызметкер — қызметіне қарамастан — жаңа елдерді көруге мүмкіндік алды. Сапарларға жұмысшылар мен инженерлерден бастап менеджерлер мен топ-менеджерлерге дейін қатысады. Барлық шығындарды компания өз мойнына алады.

Парижде қызметкерлер Эйфель мұнарасына барып, Лувр мен Версаль сарайын аралап, нағыз француз круассанын татып көріп, қаланың ерекше атмосферасын сезінді. BI Servise менеджерлері Гүлбаршын Тасбулатова мен Жанна Игисинова үшін бұл шетелге алғашқы сапар болды.

«16 жыл бұрын компанияға жұмысқа тұрған кезде, осындай мүмкіндіктер болатынын елестете де алмадым. Бұл — менің арманым еді, оны жүзеге асыруға BI Group көмектесті. Жұмысымды сүйіп істеп, сонымен қатар әлемді танып-білу — үлкен бақыт», — дейді Жанна Игисинова.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласынан шыққан Жанна бұрын call-орталықта жұмыс істеген, қазір тұрғындардың жайлылығына жауап береді және төрт баланың анасы. Ол BI Group-та болашақ жарына кездесіп, бүгінде 18 жылдан бері бірге өмір сүріп келеді. Ал Қарағанды маңындағы ауылдан шыққан үш баланың анасы Гүлбаршын әрбір тұрғынды атымен таниды және өз ісіне шын жүректен берілген.

BI Group-та мұндай оқиғалар «BI-отбасы» деп аталады — бұл компанияны жай ғана жұмыс орны емес, жеке даму, таныстықтар және ұзақ мерзімді қолдау ортасына айналдыратын ерекше корпоративтік мәдениет.

Париж бен АҚШ-қа мотивациялық сапарлар, даму бағдарламалары, марапаттар және ұжымдық рухты нығайтуға арналған бастамалар — BI Group-тың басты құндылықтарының бірі — адамға деген қамқорлықтың айқын көрінісі.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.