BI Group Freedom-ның жинақтаушы ипотекасы арқылы бастапқы тұрғын үй алатын мүмкіндікті кеңейтуде
Freedom Bank пен BI Group инвестициялық-құрылыс холдингі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар жинақтаушы тұрғын үй ипотекасы атты жаңа өнім аясында банк клиенттері үшін үй алудың эксклюзивті шарттарына келісті.
Жаңа өнім клиенттерге бастапқы жарнасы 30%-дан 50%-ға дейін, жылдық мөлшерлемесі 5%-дан (ЖТСМ 5,1%) бастапқы тұрғын үй сатып алуға арналған жеке тұлғалардың тұрғын үй құрылыс жинақтары механизмі арқылы жеңілдетілген несиеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оған қоса жылжымайтын мүлік нысандары цифрлық витринаға қойылып, BI Group сатылымдарына басымдық беріледі. Сатылым басталған алғашқы үш күн ішінде клиенттер Freedom SuperApp қосымшасы арқылы тиімді шарттармен ипотека рәсімдей алады.
Жинақтаушы тұрғын үй ипотекасы қалай жұмыс істейді
Бағдарлама шарттарына сәйкес, клиенттер 30% бастапқы жарнамен тұрғын үй несиесін жылдық 10% мөлшерлемемен (ЖТСМ 10,5%), 20 жылға дейінгі мерзімге рәсімдей алады. Ал алдын ала несиенің мөлшерлемесі жылдық 10,5%-дан (ЖТСМ 11%) басталады. Алдын ала несиенің соңғы мөлшерлемесі қарыз мерзіміне және депозитті жинақтау мерзіміне байланысты болады.

Егер бастапқы жарна 50% болса, тұрғын үй несиесінің мөлшерлемесі жылдық 5% (ЖТСМ 5,1%), мерзімі 25 жылға дейін болады, ал аралық несиенің мөлшерлемесі жылдық 7% (ЖТСМ 7,2%) деңгейінде белгіленеді.
Бағдарлама аясында зейнетақы жинақтарының артық бөлігін бастапқы жарна үшін де, ипотекаға байланысты депозитті толықтыруға да пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Бұл ретте депозитке ай сайын теңгемен табыс есептеледі, бұл жинақ процесін тиімді әрі пайдалы етеді.
BI Group-пен жасалған келісімдер аясында Freedom Bank клиенттері Freedom SuperApp қосымшасы ішінде:
– BI Group-тың жаңа тұрғын үй кешендерінің витринасын көре алады;
– ипотекалық құралдар арқылы да, онсыз да бастапқы тұрғын үйді (оның ішінде құрылыс кезеңінде) онлайн сатып ала алады;
– ипотека рәсімдейтіндер үшін BI Group нысандарындағы пәтер бағасын комиссиясыз үш күнге бекіте алады;
– кейбір тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді үш күн ішінде эксклюзивті түрде сатып ала алады.

Осы жылдың маусым айына дейін өнім іске қосылып, тараптар арасындағы келісімдер жүзеге асырылмақ.
«Біз өнімге қашанда клиенттің көзімен қарап, сатып алу процесін барынша қарапайым әрі ыңғайлы етуге тырысамыз. Компаниямызда тұрғын үйді ыңғайлы қаржылық құралдар арқылы сатып алуға мүмкіндік беретін жүйе құрылған, ал Freedom Bank-пен бірге біз тағы бір мүмкіндік ұсынамыз, бұл тиімді ипотека мен цифрлық түрде рәсімдеуге қол жеткізу. Біз бұл ынтымақтастық үшін қуаныштымыз және бірігіп тұрғын үй нарығында технологиялық деңгейдің жаңа биігін қалыптастырамыз деп сенеміз», – деді BI Group холдингінің атқарушы директоры Ернар Жанәділ.
«Жинақтаушы онлайн тұрғын үй ипотекасы BI Group нысандарына эксклюзив әрі нарықтағы бірегей ұсыныс. Біздің классикалық цифрлық ипотекамыз сияқты, біз бұл өнімнің концепциясын мұқият әзірледік және нәтижесінде бірнеше негізгі артықшылықты біріктірдік. Тұрғын үй сатып алуға жоспарлы түрде қаражат жинау мүмкіндігі, нарық үшін барынша бәсекеге қабілетті мөлшерлемелер және ыңғайлы онлайн сервис. Бұл өнім миллиондаған қазақстандықтарға үй алуға ашық, басқарылатын және экономикалық тиімді жол құруға мүмкіндік береді деп сенемін», – деді Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.