BI Group Шымкенттегі ең биік тұрғын үйде сейсмикалық оқшаулау технологиясын енгізді

27 маусым 2025
Холдинг

Шымкент, 2025 жылғы 27 маусым. BI Group компаниясы жер сілкінісінен қорғау үшін германдық MAURER SIP-D сейсмикалық оқшаулау жүйесі қолданылған аймақтағы алғашқы жоба – Avenue 32 тұрғын үй кешенін таныстырды.

Avenue 32 деген не?

Кешен 23 және 26 қабатты екі корпустан, екі деңгейлі жер асты көлік тұрағынан және бизнеске арналған үй-жайлардан тұрады. Әр ғимараттың астында EN 15129 стандарты бойынша сертификатталған және 100 жыл қызмет етуге есептелген SIP-D сфера пішінді сырғымалы оқшаулағыштары орнатылған. Олар үйкелісті азайтып, сейсмикалық энергияны басады және дүмпуден кейін үйді бастапқы қалпына қайтарады. Оқшаулағыштар іргетаста лифт шахталарының астында және жер үсті бөлігі басталатын 0,000 м деңгейінде орналастырылған.

Жобалау және есептеулер

Сейсмикалық оқшаулауды қолдану туралы шешім эскиз кезеңінде қабылданып қойған. Ғимарат үлгісі ETABS бағдарламасында, ҚазҚСҒЗИ инженерлерімен бірлесе отырып талданған. Мемлекеттік сараптама жобаны арнайы техникалық шарттар аясында мақұлдады және 8-9 балдық жер сілкінісі кезінде конструкция – жұмысқа жарамдылығын, ал барлық элементтер тұтастығын сақтайтынын растады.

Италиядағы сынақтар

2025 жылғы 16-18 маусым аралығында оқшаулағыштар EUCENTRE зертханасында (Павия, Италия) тексеруден өтті. 1200 кН-ға дейінгі тік жүктеме және ±250 мм циклдік жылжу кезінде құрылғылар есептік сипаттамаларды толығымен растады.

«Сынақтар жобаға және халықаралық нормаларға толық сәйкестікті көрсетті. Бұл – Avenue 32 кешенінде технологияны енгізу жолындағы маңызды қадам», – деді жоба жетекшісі Нұрлан Ершоқаев.

Құрылыстағы бақылау

Әр оқшаулағышты орнату екі сағаттан төрт сағатқа дейін созылып, BI Group компаниясының авторлық қадағалауымен және MAURER мамандарының орнатуды қадағалауымен жүзеге асырылды.

Халықаралық контекст

Сейсмикалық оқшаулау Жапониядағы мектептер мен ауруханаларда бұрыннан міндетті болып келеді, оны Калифорниядағы FEMA ұйымы ұсынады және Түркияда 10 қабаттан биік ғимараттар үшін сертификатталады. Қазақстанда мұндай тәжірибе енді ғана дами бастады, сондықтан Avenue 32  тәжірибесі қауіпсіздіктің жаңа стандартын белгілейді.

Бағалау және жоспарлар

«Есептеулер көрсеткендей, оқшаулағыштар ғимаратқа сейсмикалық үдеулердің берілуін қатты іргетасқа қарағанда 60-70%-ға бәсеңдетеді», – деп атап көрсетті жобаның бас инженері Денис Қайырбаев.
BI Group осындай шешімдерді елдің басқа да сейсмикалық белсенді аймақтарында қолдануды жоспарлап отыр.

BI Group – Қазақстанның нарықта 25 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан ірі құрылыс және девелоперлік компаниясы. Компания азаматтық және инфрақұрылымдық құрылыс салаларында жобаларды жүзеге асырады және өмір сапасы мен қауіпсіздігін арттыру үшін озық инженерлік шешімдерді енгізеді.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.