BI Group АҚШ нарығына шығатынын жариялады

        23 қыркүйек 2024
        2024.09.23. - Выход на рынок США.jpg

        BI Group компаниясы халықаралық аренада өсуге бағытталған стратегиясының аясында АҚШ нарығына шығатынын хабарлады. Бұл қадам бизнесті халықаралық дәрежеде дамытып, жобаларды жоғары сапа стандарттарына сай жүзеге асыруға бағытталған. Компанияның басты мақсаттары - холдингтің дамуына бағытталған ұзақ мерзімді сыртқы инвестицияларды тарту және әлемдік құрылыс рейтингіндегі позицияларын нығайту.

        Жобаларды қаржыландыру Астана халықаралық биржасында (AIX) тіркелген инвестициялық қор арқылы жүзеге асырылмақ. Қордың тіркелген орны - Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC). Өз тарапынан BI Group осы жобаларды іске асыру үшін жинақталған тәжірибе, заманауи технологиялар, IT-шешімдер мен командасын ұсынады және өзінің сауда маркасын қолдануға мүмкіндік береді.

        Жобалар Habitat Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Биыл үш көпқабатты Season One, Parkside, Millux Place сияқты тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталады деп жоспарлануда.

        Халықаралық даму стратегиясының сәтті іске асуы үшін холдинг ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізді. Олардың ішіндегі маңыздысы - BI Development компаниясының Fitch рейтинг агенттігінен BB деңгейіндегі халықаралық кредиттік рейтингін алуы. Бұл рейтинг компанияның қаржылық тұрақтылығын, беріктігін және дамыған елдерде ірі жобаларды іске асыруға дайын екенін растайды.

        2024 жылдың шілде айында BI Group Citi банкімен корпоративтік клиент ретінде келісімшартқа отырып, әлемдік қаржы қызметтері мен құралдарын пайдалануға мүмкіндік алды.

        BI Group компаниясы Орталық Азиядағы өз позициясын нығайтып, жүзеге асырып жатқан жобалардың сапасын арттыру мақсатында шетелдік тәжірибені кеңінен қолдануды жоспарлап отыр. Халықаралық нарықтарға шығу арқылы компания сырт елдерден инвестициялар тартуға, шетелдік технологиялар мен білімді елге енгізуге бағытталған жұмыстар атқарып жатыр. АҚШ пен басқа да дамыған елдердегі заманауи құрылыс тәжірибелерін зерттеу, холдингке құрылыс саласын дамытуға, адами капиталды жетілдіруге және жаңа инженерлік шешімдер енгізуге мүмкіндік береді.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.