BI Group Дубайдағы алғашқы жобаларын іске қосады

        20 қаңтар 2025
        WhatsApp Image 2025-01-20 at 10.34.27.jpeg

        BI Group акционерлері мен компаниялар тобы Біріккен Араб Әмірліктерінде жылжымайтын мүлік нарығындағы алғашқы жобаларын іске қосатынын жариялады. Үлкен қарқынмен дамып келе жатқан бұл өңірде бизнесті кеңейту – компанияның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға әкелетін маңызды қадам.

         

        Компания акционерлердің жаңа нарыққа шығу туралы шешім қабылдауда назарға алған басты фактор – Дубайдағы жылжымайтын мүлікке деген сұраныстың артуы, соның ішінде қазақстандық тұтынушылар тарапынан. Жоғары стандарттарға сай болу үшін BI Group БАӘ басты девелоперлерімен серіктестік құруда: Centurion Group, Prestige One Developments және Octa Properties. Жобалар AIFC – «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген инвестициялық қор арқылы сыртқы ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту арқылы қаржыландырылуда. BI Group өз тарапынан өз жобаларын, IT-шешімдерін, тәжірибесін және сауда маркасын қолдану құқығын ұсынбақ.

         

        BI Group брендінен Дубайда Canal One & Harbour және Flora Isle атты екі жоба басталғалы жатыр. Екі тұрғын үй кешені де Dubai Islands бірінші жағажай жиегінде орналасады. Оннан астам жоба әзірлену үстінде: Reserve Bay, Downtown Dubai жанындағы апартаменттер, Al Wasl Villas, Burj Khalifa-ға қарайтын виллалар және басқалар. Бұл жобалар компанияның осы аймақтағы ауқымын кеңейтіп, Таяу Шығыстың жылжымайтын мүлік нарығындағы позициясын нығайтуға негіз болады.

         

        Дубай нарығына шығу BI Group компаниясының ғаламдық жылжымайтын мүлік нарығында маңызды нарық қатысушысына айналмақ ойы бар екенін көрсетеді. Компания Emaar, Vinci, Skanska және STRABAG сияқты брендтермен қатар тұратын әлемдегі ең ірі девелоперлер қатарына енуге асық.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.