BI Group Астанада екі балалар шығармашылығы орталығының құрылысын аяқтады
Республика күні қарсаңында BI Group компаниясы Астанада TANYM ART және TANYM SPORT атты екі қосымша білім беру орталығының құрылысын аяқтады. Жаңа нысандар елордадағы балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сарыарқа ауданында орналасқан TANYM ART орталығы көркем шығармашылық пен техникалық білім беруге бағытталған. Мұнда балалар шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, жаңа технологияларды меңгеріп, өнер мен техникалық шығармашылықтың түрлі бағыттарында өз қабілеттерін шыңдай алады.
Алматы ауданындағы TANYM SPORT орталығы спорт, шығармашылық және техникалық білім беруге бағытталған. Балалардың дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді, орталықта бокс және күрес жаттығуларына арналған арнайы залдар бар.
Әр орталық 750 оқушыға шақталған. Осылайша, екі жаңа нысан жалпы саны 1500 бала мен жасөспірімнің қосымша білім алуына жағдай жасайды.
Мұндай жобаларды жүзеге асыру - BI Group компаниясының Астананың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан маңызды үлесі. Жаңа орталықтар қосымша білім алу мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, елорданың жас тұрғындарына өз қызығушылықтарын табуға, таланттарын дамытуға және болашақ мамандығына алғашқы қадам жасауға мүмкіндік беретін орта қалыптастырады.







