BI-Industrial халықаралық кооперация аясында сода өндіру жобасын жүзеге асырып жатыр

11 наурыз 2026
Холдинг

Жамбыл облысында Орталық Азиядағы ірі химиялық жобалардың бірі кальцийленген сода өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жобаның инфрақұрылымын EPC форматында BI-Industrial командасы іске асырып жатыр.

 

Жоба инвесторы Qazaq Soda ЖШС (түркиялық COREX Group компаниясының құрамында), ал бас мердігер қытайлық CAMCE компаниясы.

 

Бірінші кезеңде жоба қуаты, оны іске қосу қыркүйек айына жоспарланған. Жылына 500 мың тонна кальцийленген сода өндірілмек. Кәсіпорын болашақта өндіріс көлемін жылына 3 млн тоннаға дейін ұлғайтатын болады. Бұл Қазақстан ішіндегі сұранысты толық қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Qazaq Soda компаниясының операциялар жөніндегі директоры Yusuf Ceylan атап өткендей, бұл өңір жан-жақты талданып, таңдалған. Жамбыл облысының логистикасы ыңғайлы, климаттық жағдайлары қолайлы және негізгі шикізат ресурстары қолжетімді. Жақын маңда тұз кен орындары, су көзі және әктас қоры бар. Бұл өндіріс тізбегінің тиімділігін арттырады.

 

Жобаның бірінші кезеңіне шамамен 400 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылды, жоба соңына дейін жалпы инвестиция көлемі 2 млрд АҚШ долларынан асады. Бірінші кезеңді Bank of China, ATB Bank, Қазақстанның даму банкы және Halyk Bank қатысқан халықаралық банктік консорциум қаржыландырады.

 

Қазақстан жыл сайын шамамен 400 мың тонна кальцийленген сода импорттайды. Бұл өнім шыны, металлургия және химия өнеркәсібінде, сондай-ақ су дайындау жүйелерінде кеңінен қолданылады.

 

«Зауыт іске қосылғаннан кейін біз ішкі нарығымызды толық қамтып, өнімді экспорттай аламыз. Бұл стратегиялық тұрғыда импорттаушыдан экспорттаушыға айналу», - деді инвестор өкілі.

 

Кешенді инженерлік жұмыс

 

Жоба EPC форматында жүзеге асырылуда. Мердігер жобалау, сатып алу, құрылыс және нысандарды пайдалануға беру үшін толық жауап береді. Мұндай формат жоғары деңгейдегі инженерлік интеграцияны, мерзім, бюджет және қатерлерді жүйелі басқаруды талап етеді.

 

BI-Industrial компаниясының Project Control Manager-і Айдана Булатова былай дейді:

 

«EPC тек құрылыс емес. Бұл жүйелі инженерия, бюджет, мерзім және қатерлерді басқару. Мұндай жоба команданың қабілеті жоғары екенін көрсетеді».

 

Жоба аясында BI-Industrial бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды кешенді түрде жүзеге асыруға жауапты.

 

Компания бес негізгі нысан үшін жауап береді:


8,7 гектар аумақтағы тұрғын қалашық (тұрғын үйлер, қонақүй, сауда орталығы),
25 гектар аумақтағы қатты қалдықтар қоймасы,
800 гектар аумақтағы буландыру тоғаны,
ұсақтау-сұрыптау кешені бар әктас аймағы,
және теміржол инфрақұрылымы.

 

Халықаралық кооперация аясындағы жұмыс инженерлік стандарттар мен басқару тәсілдерін үйлестіруді талап етеді.

 

Өндірістік алаң елді мекендерден қашықта орналасқан, бұл қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтады.

 

«Біз қоршаған ортаға барынша әсерімізді азайтуға және халықаралық стандарттарды сақтауға ерекше назар аударамыз», - дейді Айдана Булатова.

 

Жоба командасы

 

Нысанда BI-Industrial компаниясының 300-ден астам қызметкері және шамамен 65 техника жұмыс істейді. Команданың елеулі бөлігі жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары.

 

Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін зауытта 380-нен астам жұмыс орны ашылады, олардың 97%-ы қазақстандық мамандар болмақ.

 

BI-Industrial - холдингіміздің индустриялық бағыты. Компания жүзеге асырған жобалардың қатарында Саран қаласындағы KamaTyresKZ шина зауыты, ERG-ға арнап хром өңдеу фабрикасы, «Теңізшевройл» жобасы үшін BMEI және 3GI аясында электр беру желілерін көшіру және басқа да индустриялық нысандар бар. Мұндай ауқымды жобаларды бірлесіп қызмет атқаратын үлкен команда ғана жүзеге асыра алады.

 

BI-Industrial командасына кәсібилігі, жауапкершілігі және компанияның индустриялық жобаларын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.

 

Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында бұл жоба табысты жүзеге аспақ.

Сұрақтарыңыз болса, бізге WhatsApp немесе
Telegram арқылы жазсаңыздар болады
Сайттың сапасын бағалаңыз
немесе қателері туралы айтыңыз
Акциялар мен арнайы ұсыныстарға жазылу
Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2026
Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.