BI Finance: пәтер алу шарты

BI Group клиенттерге жылжымайтын мүлікті сатып алудың ең тиімді бағдарламасын ұсынады.
Жеке пәтеріңізді сатып алуға табысыңызды аз деп есептесеңіз, сіз қателесесіз.
Сату орталықтарының менеджерлері сізге қаржыландырудың оңтайлы жолын көрсетеді.
Егер қолыңызда 100 % төлем сомасы болса, онда пәтер сатып алар кезде міндетті түрде 2-ден 8 пайызға дейінгі жеңілдікке ие боласыз!
Егер барлық сома болмаған жағдайда, BI Finance сізге бастапқы жарна 30, 50 және 70 пайызбен бөліп төлеудің ең ыңғайлы жолдарын ұсына алады. Қалған соманы үй құрылысы аяқталғанға дейін ай сайын немесе тоқсан сайын бірдей үлестермен төлеу керек.
Егер ақша құрылыс аяқталғанға дейін жеткіліксіз болса, онда сіз банктерсіз-ақ, тікелей компания арқылы жылдық 14 пайызбен 3 жылға өз пәтеріңізді рәсімдей аласыз.
Сондай-ақ сіз BI Group-тан пәтер алу кезінде банк қызметтеріне жүгіне аласыз. Біздің компаниямен бірігіп жұмыс жасайтын кейбір банктер клиенттерге тиімді шарттар ұсынады – салынып жатқан үйді қосымша кепілсіз төмен пайыздық мөлшерлемемен сатып алу. Коммерциялық банктерден басқа, сіз пәтерді Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы сатып ала аласыз.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша BI Group қазір 30-ға жуық пәтер ұсынады. Сонымен қатар, пәтерлерді Сбербанк және БанкЦентрКредит бағдарламалары арқылы сатып алуға болады.
BI Finance көмегімен сіз міндетті түрде жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша ең тиімді жолын таба аласыз.