BI Football CUP 2018 турнирінің жеңімпаздары Ресейдегі әлем чемпионатына жолдама алды

BI Football CUP 2018 турнирінің жеңімпаздары Ресейдегі әлем чемпионатына жолдама алды
BI Group үшін жаз - қызықты оқиғаларға толы болды, марафон, "Жестокие игры", Ironman 70.3, одан қалды бірнеше жобалардың тапсырылуы бар. Осының бәрін біздің ұйымшыл команда жүзеге асырды. Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан дәстүрлі BI Football CUP 2018 - футбол алаңында ойыншылары мен жанкүйерлерін тұрақты түрде жинайды.
Турнир сенсацияға толы Әлем чемпионатымен тұспа-тұс келді, осыған орай ұтқан команда Сочида өтетін футболға жолдама алады. Турнирдің бірінші күні 29 команда бақ сынасты, оның 16-сы 1/8 финалға шықты, Автодор ПФ, Сату депатаменті, КЦ2, Автодор ЗФ ФК, BI Almaty, BMEI, BI Service, УСП, ИЖС Астана, МЖК Астана, Road Team, ПГС, BI Premium Astana, BI Civil Construction, Фаворит АБК и Lean & Safety. Жанкүйерлер үшін фото күрке, попкорн, болашақ чемпиондар үшін аквагрим мен аниматорлар, жүлделі конкурстар, фристайлерлер мұның бәрі бұл күнді естен кетпестей өткізу үшін, ойыншылар мен жанкүйерлерді одан әрі жігерлендіру үшін жасалды. Тіпті ойынға келе алмағандар үшін YouTube-тен тікелей көрсетілім жасалды.
Турнирдің қорытындысы бойынша финалға 3 ең ұйымшыл команда шықты, нәтижесі: 3-орын - ИЖС-Астана, 2-орын - Автодор және Сочида өтетін Әлем чемпионатына жолдама алған BI Almaty командасы. Осы жылы алматылықтар үшін спорттан жемісті жыл болды, олар хоккейден өткен компания кубогының иегері. BI Football CUP жүлде қоры: 3 орын - 300 000 тг, 2 орын - 200 000 тг, 1 орын - әлем чемпионатына жолдама. Сондай-ақ арнайы жүлде иегерлері "Үздік ойыншы" Адилханов Өркен (Автодор ЗФ ФК), «Үздік бомбардир» - Максутов Бекнұр (ИЖС-Астана), «Үздік қорғаушы» – Салтанов Нұрбек (ИЖС-Астана) және «Үздік қақпашы» Тажиев Бақытжан (BI Almaty). Ойынның барлық матчтары мен марапаттау рәсімін LLF Astana - YouTube арнасынан көре аласыз.