BI Group форумдарына 40-тан астам тұрғын үй кешендерінің жаңа қоныстанушылары қатысты

        6 наурыз 2023

        BI Group құрылыс компаниясы 4 наурызда клиенттеріне арналған үшінші форумының Астанадағы тұрғын үй кешендерін салушы мен жаңадан қоныстанған тұрғындар арасындағы дәстүрлі кездесулер сериясын аяқтады. Үш аптаның ішінде 43 үйдің 1600-ден астам тұрғыны құрылыс компаниясы ​​іс-шараларының қонағы болды.

        Компанияның мәліметінше, форумдарға 5 есе көп клиент – 8500 адам шақырылған.

        «Бізді, бір жағынан, келушілердің аздығы қынжылтса, екінші жағынан, бұл дерек бүгінде тұрғындардың арыз-шағымдарының аз екенін аңғартады, өйткені адамдар, әдетте, арыз-шағымнан гөрі қуанышын сирек бөліседі ғой. Біз клиенттерімізге ашықтығы мен шынайылығы үшін алғыс айтамыз. Мәселелер туралы үнсіз қалмау маңызды, өйткені мәселеден хабардар болу қателерді түзетіп, бұрынғыдан да жақсырақ болуға мүмкіндік береді. Форумдар өткізілген жеті жыл ішінде стандарттар мен құрылыс сапасының жақсаруымен қатар дәстүрлі кездесулерімізге келушілер санының жыл сайын азайып келе жатқанын байқадық. Сонымен қатар біз жүзеге асырған жобалардың саны да артып келеді», - деді BI Development компаниясының бас директоры Амангелді Омаров.

        Жылдар бойы жиналған абырой-бедел, сенімділік, ESG қағидаттарын ұстану мен «Жұлдызай» қорының қызметі аясында ерекше балаларға қолдау көрсету Холдингтің негізгі стандарттары болып табылады. Сондықтан құрылыс компаниясына 300 мыңнан астам қазақстандық сенім білдіреді.  Компанияның қоржынында еліміздің 6 өңірінде белсенді жүргізіліп жатқан 109 жоба бар. Барлық уәде етілген жобалар толық салынып беріледі.

        Қонақтар «Жұлдызай» қоғамдық қорының өкілі Әсемгүл Мұрзамбеттің сөзін ерекше ықыласпен тыңдады. Ол өз сөзінде клиенттердің BI Group-тан пәтер сатып алу арқылы қор қамқорлығындағы ерекше балаларға қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті.

        «Сіздердің көмектеріңіз бен холдинг қызметкерлерінің үлесі арқасында шетелдік хирургтар балаларға 900-ден астам күрделі ота жасады. 68 бала сөйлей бастады, мүгедектерге арналған арба сатып алуға кеңес берген көңіл көншітпейтін болжамдарға қарамастан, 210 бала алғашқы қадамдарын жасады. Мәселен, өткен жылы оңалту курстарынан кейін 16 жастағы алматылық балаға тұсау кесу рәсімін жасадық, қазір ол колледжден білім алуға мамандық таңдап жатыр», - деді спикер.

        Форум барысында тұрғындарды толғандырған тақырыптар талқыланды. Олардың арасында тұрғын үйлерде ұялы телефон желісінің нашар жұмыс істеуі де бар. Компания қызметкерлері аталған мәселенің қаланың көптеген бөлігінде байқалатынына және ол, ең алдымен, қоғамның заманауи қорқынышы –  радиофобиямен, яғни адамдардың үйлерінің жанына антенна орнатудан бас тартуымен байланысты екендігіне сендірді. Тұрғындардың ұялы байланыс операторының базалық станцияларын орнатуға берген рұқсаты мәселені шешуге көмектеседі. Қысқы маусымда кіреберістерді тазалап үлгермей жататын тазалық қызметтері де кері байланыс алды. Шешім сол жерде қабылданды: барлық тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттары үшін, бұл шамамен 2 мың кіреберіс, компания арнайы кілемшелер сатып алады. Сондай-ақ сауда орындарының маңдайшалары, салқын тұрақ, велосипедтерге қосымша орындар орнату және т.б. сұрақтар қойылды.

        Тұрғындар алдыңғы екі кездесуде шуды оқшаулау, баспалдақтарды әрлеу, аулаларды көгалдандыру, жер сілкінісіне төзімділік деңгейі, лифтілердің жұмысы, электр құлыптары, батареяларды ауыстыру, жылу және су тапшылығы, бигвилльдер, қызмет көрсету мен кепілдік қызметі туралы сұрақтарға жауап алғанын естеріңізге сала кетейік. Бұл туралы мына жерден және мына жерден оқи аласыздар.

        Үш форумда да хаттама жүргізілді, холдингтің барлық бөлімшесінің қызметкерлері қазіргі уақытта жиналысқа қатысушылардан оффлайн және онлайн режімінде түскен сұрақтарға жауап беріп жатыр. Көптеген тапсырма орындалды, тұтынушылардың қалған тілектеріне жауаптар осы апта ішінде жарияланады.

        «BI Group, әдеттегідей, ауқымды, ойластырылған іс-шара өткізеді. Әсіресе, мені балалармен бірге келуге болатыны ерекше қуантты. Біз мәселелерді талқылаған кезде біздің балаларды аниматорлар ойнатып, оларға бет бояуы, шарлармен және басқа да атрибуттармен нағыз мереке ұйымдастырып берді! Бүкіл отбасымызбен демалыс күнін керемет өткіздік. Кездесуге шағым айтуға емес, жайлы баспанамыз үшін алғыс айтуға келдім, дегенмен көршілеріміздің түрлі мәселе бойынша пікірлерін тыңдау қызықты әрі маңызды болды», - деп кешен тұрғыны өз әсерімен бөлісті.

        Іс-шара дәстүр бойынша ұтыс ойынымен аяқталды, бас жүлде – автотұрақ. Компания тұрғындарға арналған кезекті форумдарын Алматы мен Шымкент қалаларында өткізеді.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.