Елорда тұрғындары өздерінің отбасылық ағаштарын отырғызады
Нұр-Сұлтанда қаланы көгалдандыруға арналған BI Green ауқымды жобасы басталды. Биылғы күзде елорда тұрғындары өздерінің отбасылық ағаштарын отырғызып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қоса алады. Ағаш отырғызу BI Group компаниясының 25 жылдық мерейтойына орай өткізіледі. Экологиялық шара аясында Холдинг 1900 ағаш пен алты жүзден астам бұта отырғызады. BI Group дендрологтар қызметі астананың күрт құбылмалы ауа райына төтеп беретін, күй талғамайтын жасыл желектерді таңдағандығын мәлімдеді. Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданының әкімі Берік Жәкеновтің, жақын маңдағы кешен тұрғындарының және BI Group қызметкерлерінің қатысуымен 10 қазанда BI Green аясындағы алғашқы сенбілік болып өтті.
«Қалалардағы сәулет нысандары тез әрі қарқынды салынып жатыр. Ал есесіне, экологиялық ортаны дамыту мен қолдау қарқыны айтарлықтай артта қалып отырғаны өкінішті. Біз экологиялық және ұтымды тұтыну мәселелерінен тыс қала алмағандықтан, BI green экологиялық бастамасының іске қосылғанын қуана хабарлаймыз. Біздің орта мерзімді жоспарымызға көгалдандырудан басқа, нысандарымыздағы қоқысты сұрыптау енгізілді, кеңседе «PaperLess» қағазды орынды пайдалану тұжырымдамасын ұстанамыз: электрондық шарттарға көшу есебінен 150 мың құжатқа ЭЦҚ арқылы қол қойылды, ал бұл дегеніңіз – 2 млн. парақ қағаз. Біздің көтерген бастамаларымыздың ниеттес серіктестеріміз бен тұрғындарымыздың тарапынан қолдау тапқаны қатты қуантады», - деп пікір білдірді BI Clients сервистік компаниясының директоры Ержан Исмагелов.
«Компанияның бұл акцияны бастау үшін таңдаған орны да кездейсоқтық емес. Біріншіден, «Зеленый квартал» тұрғын үй кешені атауының өзі-ақ айтып тұр. Орталық саябақтарға жету үшін бүкіл қаланы кесіп өтуден гөрі, өз ауданыңда орналасқан шағын саябақтар мен алаңдарда серуендеп демалу әлдеқайда ыңғайлы екендігі белгілі. Осылайша қала тұрғындары көлікті сирек пайдаланатын болады. Біз клиенттерімізге құрылыс аяқталғаннан кейін де қамқорлық көрсете отырып, BI Clients сервистік компаниясын әрдайым қолдап қостаймыз. Екіншіден, компания жақын арада дәл осы жерде Green Line жаңа ауқымды жобасын жүзеге асыруға кіріседі, бұл өзіндік бір тұтас экополис болады», - деп атап өтті BI Development директоры Максим Чернышов. Green Line жаңа ауданының «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының артында, Қайым Мұхамедханов, Е-305, Е-10 көшелері мен Тұран даңғылы аумағында орналасқандығын айта кетейік. Көгалдандырудың жалпы ауданы 219 мың метрді құрайды, онда 12 мың пәтер, екі мектеп, екі саябақ салынып, 10 шақырым веложол төселеді, жобада демалыс аймақтары мен аллеялар қарастырылған.
Холдинг осындай ұжымдық «жасыл» сенбіліктерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр. Төмендегі нысандар көгалдандыру аумағына айналады:
1. «Зеленый квартал» ТК саябағы
2. Vela Village ТК
3. ЖК «Қамал» ТК аллеясы
4. «Қамал»ТК, «Арнау» ТК, Adal ТК
5. Garden Village ТК
7. Light House ТК
8. Nura Esil ТК, Park Avenue ТК, Panorama Park ТК, Dream City ТК, Crocus City ТК, Expo Boulevard ТК, Promenade Expo ТК, Orynbor Towers ТК.
Саябақтарда қан-қызыл долана, ақтал, бұта тал, татар үйеңкісі, жиде, қарағай, пирамида терегі, мойыл ағашы, алма ағашы, Уссури алмұрты, көкжидек, көпіршік жеміс сияқты көшет түрлері отырғызылады. Жасыл желектер Петропавл қаласындағы «Кондратов питомнигінен» әкелінген.