BI GROUP әлемге танымал IRONMAN 70.3 Astana жарысын Қазақстанда өткізуге ие болды
16 мамыр күні Астанада IRONMAN 70.3 Astana халықаралық триатлон жарысына дайындалуына арналған пресс-конференция өтті.
Пресс-конференция барысында BI GROUP инвестициялық-құрылыс компаниясы әлемге танымал жарысты өткізуге ие болғаны туралы айтты. Осы сәттен бастап сайыстың толық аты BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana болып табылады. Сонымен қатар, іс-шара үстінде бекітілген маршрут, бағдарлама, серіктестер және демеушілер туралы мәлімет берілді.
Пресс-конференция Қазақстан триатлон федерациясының вице-президенті, BI GROUP компаниясының бастығы Айдын Рахымбаев, BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana жарысының Операциялық Директоры Сергей Бодров және Жарыс Директоры Алексей Сидоренконың қатысуымен өтті. Сонымен қатар, іс-шараға Олимпиада чемпионы, Мәжлістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Серік Сәпиев құрметті қонақ ретінде қатысты.
Бүгінгі сәтте ұйымдастырушылар 1500 қатысушыларды тарту бастапқы мақсатына жетті, енді спортшылардың саны 3000-ға жетуі тиісті. Астанадағы жарысқа 38 әлем мемлекеттерінің спортшылары, олардың ішінде 595 қазақстандықтар тіркелген. Сайысқа ер және әйел адамдар, қәсіпқой спортшылар және спорт әуесқойлары қатысады. Сондай-ақ, зағип азаматтарды әлеуметтендіруге арналған «Шексіз спорт» әлеуметтік жобасының мүшелері тіркелген.
Ұйымдастырушылардың айтуына қарай, BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana жарысын жоспарландыру кезеңінде бар қажетті халықаралық үлгілер ұсталды, сондықтан бұл шара спортшылар мен жанкүйерер үшін ең жайлы болатыны тиіс. Осы негізгі мақсатпен маршрут, қонақтарға арналған ойын-сауық дайындалды, Астана қаласының Әкімшілігімен, еріктілермен және қонақ үйлерімен өзара әрекеттестік орнатылды.
Жарысты өткізу үшін ұйымдастырушыларға 500 еріктілер көмек көрсетеді. Олар шетел қонақтарымен қатынасу тәжірибесін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрме барысында жинады.
Сондай-ақ, Астана қаласының 10 ең танымал қонақ үйлері шараның қонақтары үшін арнайы бағалар ұсынды. Қонақ үйлер сөреге жақындығы мен қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне сәйкес таңдалды.
Пресс-конференцияда басқа да қатысушылар үшін жайлы жағдайды қалыптастыратын жарыстың маңызды үлес қосқан серіктестері және демеушілері туралы да айтылды.