BI Group Алматыда және Іле Алатауы тауларында эко-туризм мен спорттық инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салады
30 шілде 2020

Экологиялық туризм мен спортты дамыту аясында Іле Алатауы тауларындағы 71 шақырымға жуық тоғыз тау жолы жайғастырылады. Тұрғындар мен қала қонақтарына ыңғайлы болу үшін маршруттардың көрсеткіштері мен ақпараттық қалқандар орнатылады. Күркелер қойылады, қауіпті жерлерде - металл көпіршелер мен жолдар жасалады.
МАҢЫЗДЫ: жоба қолда бар инфрақұрылымды абаттандыруға бағытталған және күрделі құрылыс жұмыстарын көздемейді.
Онлайн-конференция форматында учаске бастығы Талғат Базарбаевтың қатысуымен қоғамдық тыңдау өтеді. Іс-шара 2020 жылдың 4 тамызында, сағат 10.00-де ZOOM платформасында өтеді.
Қатысу үшін осы пошта арқылы тіркелу керек - [email protected]