BI Group бизнес серіктестерімен кездесу өткізді

        30 сәуір 2019

        BI Group бизнес серіктестерімен кездесу өткізді

        BI Group мердігерлерден сатып алу көлемін 400 млрд теңгеге дейін ұлғайтуда. Бұл туралы Холдингтің басқарма төрағасы Амангелді Омаров жыл сайынғы бизнес серіктестерінің форумында хабарлады.

        Компанияның ағымдағы портфелі - 300 миллиард теңге, перспективалы жобалар портфеліь - 150 миллиард теңге. Алматы мен Бурабайда конгресс-орталықтар; Nursultan Film киностудиясы; сондай-ақ Түркістандағы бірқатар объектілер салу жоспарлануда, олардың ішінде: облыстық көпфункционалды емхана, әкімдік, медиаорталық, орталық алаң және 7 мың орынды стадион. Қазақстандық нарықтан басқа, BI Group қазір шет елдердің нарығына белсенді түрде шығуда. Мәселен, Өзбекстан мен Ресей нарығына баса назар аударылуда, Германияда жоба бар. Айта кету керек, барлық жұмыс көлемінің 70%-ын мердігерлік ұйымдар орындайды.

        Ол үшін компанияда сатып алулар жүзеге асырылатын BI Partners порталы мен мобильдік қосымшасы бар. Онда 30 мың мердігер тіркелген. Қағаз жұмыстары жоқ, бәрі автоматтандырылған, ал адам факторы барынша аз. Бұдан басқа, ауыр техниканы іздеу үшін Орталық диспетчерлік қызметінің электрондық ресурсы құрылды. Ол Uber принципі бойынша жұмыс істейді: өтінімдер қалыптастырылады және техника иелері орындауға дайын тапсырыстарды алады. Осының арқасында компания девелопменттегі көлік механизмдерінің шығындарын 30%-ға төмендетті. Opera Build тағы бір сандық құралы компания серіктестері мен қызметкерлерінің өздеріне корпоративтік стандарттармен танысуға мүмкіндік береді.

        «2018 жылы біз 300 км жол және 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарды салдық. Биылғы жылы Қазақстан бойынша 200 км жол мен 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй мен әлеуметтік инфрақұрылымды тапсыруды жоспарлап отырмыз. 2019 жылы біз 500 млрд теңгенің айналым шегін еңсеруді жоспарлап отырмыз. Ал бұл жаңа жобалар мен жаңа нарықтар. Табысты жүзеге асыру үшін біз мәселелерді талқылайтын форумдар өткізіп, оларды шешу жолдарын іздейміз, тәжірибе алмасу үшін өз жұмысымызды және платформаны ұсынамыз», - деп түйіндеді Холдинг басқармасының төрағасы Амангелді Омаров.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.