BIM және құрылыс саласының цифрлық трансформациясы: BI Group толық циклды шешімдер мен халықаралық тәжірибесін таныстырды
12 желтоқсан күні Астанада Премьер-Министрдің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нагаспаевтың BI Group өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу құрылыс саласындағы цифрландыру мәселелеріне арналды.
Талқылаудың негізгі тақырыбы — құрылыс саласын кешенді цифрландырудың өзегі болып саналатын Building Information Modeling (BIM) технологиясы және BI Group әзірлеген, құрылыс процесінің бүкіл өмірлік циклын қамтитын практикалық шешімдер.
Кездесу барысында BI Group Директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев BIM-ді масштабтау тәсілдерін, салалық тәжірибелердің салыстырмалы талдауын және алдағы реформалар бойынша ұсыныстарын таныстырды.
Бизнес тарапынан кездесуге BI Architect директоры әрі BI Group холдингінің акционері Игорь Морозов, BI Group-тың техникалық трансформация жөніндегі бас офисінің жетекшісі Сырымбет Искаков және BI Group Инжиниринг орталығының директоры Александр Павленко қатысты.