BI University – бұл құрылыс, бизнес және басқару саласында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайтын университет.
BI University Стэнфордпен бірігіп жұмыс жасауға ниетті!
.jpg)
.jpg)
Бүгінде университеттің 45 бағдарламасы бар. 2012 жылдан бастап, 6 жыл ішінде университет 58 ішкі оқытушыны даярлады, Алматы және Иркутск қалаларында филиалдарын ашты, 15 000-нан астам адам оқып шықты. Бұл тек BI Group қызметкерлері ғана емес, 120 бизнес-серіктестің өкілдері.
«BI University жетекші бизнес-мектептермен бірігіп жұмыс жасайды ("МИРБИС" Мәскеу Халықаралық жоғары бизнес мектебі, Geneva Business School). Мақсатымыз - Стэнфорд университеті, - дейді университет директоры Ольга Баспаева. Қазір біз диджитализация бағытында жылжып келеміз,осы салада Стэнфорд университетінің тәжірибесі бізге пайдалы болады. Алдағы 10 жылда еліміздің үздік бизнес-мектебі болуды жоспарға қойдық. Айдын Рахымбаев, өз кезегінде, болашақта бізді әртүрлі мамандықтар бойынша кәсіби біліктілік және сертификаттау орталығы ретінде көреді".
.jpg)
Жыл
сайын BI University қызметкерлер мен бизнес-серіктестерді оқытуға $2 000 000
жұмсайды. Бір айда бұл бір адамға шамамен 40 мың теңге немесе 7-ден 9
академиялық сағатқа дейін.
Айтып өтейік, осы жылы BI University Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктік институционалдық аккредитациясынан өтті. Енді өз кәсіби дағдыларын арттыруға, құрылыс, басқару және бизнес-менеджментін үйренгісі келетіндер үшін университет есігі ашық. Толығырақ university.bi-group.org сайтында.
.jpg)