7 шілдеде BI Village Deluxe4 коттедж қалашығының сатылымы басталды

Кең үйде өмір сүру ниеті тіпті бұл туралы ойламаған жандарда да пайда болды. Екі айлық карантин төрт қабырғаға телміріп, жай ғана аулаға шығып отыруға мүмкіндігі болмаған қала тұрғындары үшін үлкен сынақ болғаны сөзсіз. Ешкім әлі қанша карантин немесе локдаун болатынын білмейді. Қалай болғанда да жеке тұрғын үйге сұраныс өсуде, ал ұсыныстар әзірше жеткіліксіз. Дегенмен, жағдай өзгеруде.
BI Group холдингі BI Village Deluxe4 сатылымы басталғанын хабарлады. Жаңа жоба сол жағалаудың орталығында, ЭКСПО мен Ұлттық банк ғимараты маңында, Фариза Оңғарсынова, Тұрар Рысқұлов, Қасым Қайсенов көшелерінің қиылысында орналасқан. Үй жанында тек адамдар ғана емес, қояндар мен кірпілер қоныстанған қалашықтың бірінші кезегі бар. Жануарлардың қоныстануы ауданның экологиясы мен табиғатпен үйлесімділігінің тамаша көрсеткіші деуге болады.
Коттедж қалашықта барлық коммуникациялар орталықтандырылған, ауданның әлеуметтік инфрақұрылымы белсенді дамуда. Оның жанында №88 мектеп-лицейі жұмыс істейді, сондай-ақ жаңа балабақша салынып жатыр. Басқа да білім беру объектілерін салу көзделген. Жоба компанияның алдыңғы қалашықтарына ұқсас болғанымен, BI Village Deluxe4-те бірқатар жаңа үрдістер мен жайлылықтың жоғары стандарттары ескерілетін болады.
Мұнда 418-ден 592 шаршы метрге дейінгі жеке коттедждер ғана бар. Бірінші қабаттың биіктігі - 3,6 метр болса, екінші қабаттың биіктігі - 3,3 метр-ді құрайды. Стандартқа: қонақ бөлме, асүй, сауна бөлмесі және бірінші қабаттағы жазғы дәліз, екінші қабаттағы – екі жатын бөлме, гардероб және жұмыс кабинеті кіреді. Жоспарлау жалпы үй ауданына байланысты өзгеруі мүмкін. Үйлерден бүкіл қалашық арқылы өтетін жасыл аллеяға тікелей өтуге болады.
Кейбір коттедждерде кинозалға арналған бөлме бар. Сонымен қатар, ашық ауада кәуап жасау үшін мангал орнататын орын қарастырылған. Үйлер клинкер кірпіштен салынатын болса, әрлеуге берік полимербетон пайдаланылатын болады. Модерн архитектуралық стилі ешкімді бей-жай қалдырмайды. Үйлер жақсартылған әрлеуде берілетін болғандықтан, интерьердің қандай болатындығын үй иесі өзі шешеді.
Қауіпсіздікке дәстүрлі түрде айрықша көңіл бөлінген: периметрі бойынша қоршау, тәулік бойы күзет, зияткерлік бейнебақылау жүйесі. Үйлер арасына жасыл желектерден қоршау орнатылатын болады. Жобаны іске асыру мерзімі 12 ай.
Толық ақпаратты 360 нөмері бойынша немесе bi.group сайтынан біле аласыз. Үлескерлердің ақшасын үш қабаттан төмен үйге тартуға рұқсат талап етілмейді.