Біздің марафоншылар қыста да жүгіреді
Қысқы марафон Астанада осымен екінші рет өтіп отыр. Алайда, 23 желтоқсанда ауа температурасы 25 градустан төмен түсті, сондықтан желаяқтар тек 21 шақырымға дейін жүгіре алды.
Барлығы 1 600-ден астам адам қатысты. Арасында біздің 50-ден астам қызметкеріміз де бар:
Мысалы, BI Construction&Engineering бас директоры Руслан Мергалимов 2016 жылдың ақпан айында қатысып, содан бері қысқы марафонға әуестеніп кеткен:
«Үш апта бұрын 30 градусқа дейін суық болады деп жазды. Бірақ бүгін біраз жылы болды, менің ойымша, қыс - жүгіру үшін ең қолайлы мезгіл».
Ал әріптесіміз Владимир Потлог барлығын таң қалдырды, өйткені шолақ шалбар және жалаңаш кеудемен 10 км жүгірді. Айта кету керек, ол көп жылдар бойы қысқы суға шомылумен айналысып келеді.
"Өткен жылы 21 км-ды екі сағат ішінде жүгірдім, Павлодардан келген Серік мені шабыттандырды, ол осы жолы да шолақ шалбар, майкамен жүгірді. Мен де жалаңаш кеудемен жүгіруді шештім. Рас, алғашқы 3 шақырымнан кейін шынтақ мұздай бастады, бірақ жақсы жүгірдім».
Айта кету керек, Astana Winter Marathon белгілі ультрамарафоншы Марат Жыланбаевтың жетекшілігімен ұйымдастырылды, ал BI Group бас демеуші болды.