Елорданың гүлденген саябағында сіз армандаған үй орналасқан

        2 шілде 2020

        BI Group компаниясы "Ботанический" тұрғын үй кешенін пайдалануға берді. Кешеннің бірегейлігі оның эксклюзивтілігінде: ол тек бір кезектен тұрады және Ботаникалық бақтың алдында орналасқан. Биіктігі 2,4 метр терезелерінің арқасында үй қаланың көзтартарлық жерінің біріне айналды. Үйдің айналасындағы аймақта биіктігі 5-7 метр болатын 20 қарағай және басқа ағаш түрлерінің 40 көшеті, ал аулада алма, қараған, ақ тал мен шетен ағаштары отырғызылған.

              Қазіргі таңда жаттығу және балалар алаңдарымен біреуді таңқалдыру қиын, бірақ жоба командасы мұндай табысқа жететініне сенімді. Мұнда Ресейдің жетекші өндірушісінен воркаут әуесқойлары үшін заманауи шешімдер пайдаланылған. Жүктемені реттеудегі олардың жабдықтарының ерекшелігі: ауырлықты жылжытуға арналған иінтіректің иіні 10 позицияда бекіту мүмкіндігін ұсынады. Бұл 5-тен 70 келіге дейін ауырлықты өзгертуді қамтамасыз етеді.

        Кішкентай клиенттерге дат компаниясының ойын кешендері ұнайтыны сөзсіз. Олар өз жабдықтарын пайдалылық тұрғысынан үнемі зерттейтіндігі белгілі. Яғни, ол тек ойын-сауық құралы ғана болып қоймай, бала денсаулығы мен зияткерлік әлеуетін жақсартады. Террассалық тақтайшадан жасалған алаңда экологиялық және қауіпсіздік жағынан ең жоғары көрсеткіштер қарастырылған. Ал ерекше күркелерге аға буын өзіндік бағасын береді. Үйде 2 жастан асқан балаларға арналған дамыту ойындары бар бөлме, аэрохоккей мен кикер аймағы ашылады. Сондай-ақ, фитнес әуесқойлары үшін күш, кардио және стретчинг жаттығуларына арналған орын бар.

        – Бұл жобада біз барлық ұсақ-тиекке назар аудардық. Мысалы, асүйде кең форматты терезелерге көріністі жаппау үшін радиаторлар орнатылған. Сонымен қатар, үйде IP-домофон және электр құлып жүйесі жұмыс істейді, - дейді жобаның бас инженері Азамат Дабылов.

        Тұрғын үй кешенінің тағы бір артықшылығы – орналасқан жері. Үйге жақын маңда №84 және 85 лицей, "Астана Балет", Mega Silk Way СОО және басқа да маңызды нысандар бар. Мұнда бөлмелердің кеңдігі мен «Бизнес» санаттағы SmartRemont-тың таза әрлеуін көргісі келетіндер үшін Show Room қарастырылған. Қазір "Ботанический" ТҮК-тен пәтерлерді пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып ала аласыз. Толық ақпаратты BI Group сату бөлімдерінен, онлайн кеңесті 360 нөмірі немесе bi.group сайтынан алуға болады.

        Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 01.08.2018 жылғы №34 рұқсатнама. Уәкілетті компания: "ТЭК Ресурс" ЖШС, құрылыс салушы: "Жаға НС" ЖШС»


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.