Елордада Ақордаға қарсы бетте үй салынды

        12 қазан 2020

        Тұңғыш Президент саябағының жанында Capital Park тұрғын үй кешенінің кезекті үйі пайдалануға берілді. Бұл – BI Group компаниясы кешенді игеруге кіріскен, өзінің экожүйесі бар жаңа заманауи ауданның алғашқы үйлері.

        Тұрғын үй алабының басты артықшылығы – оның орналасқан жері. Тұрғын үй кешені Министрліктер үйі мен мемлекет басшысының резиденциясынан бірнеше минуттық қашықтықта, Нұр-Сұлтан қаласының әдемі ауданындағы үлкен жасыл алқапқа қарама-қарсы бетте орналасқан.

        «Үлкен әйнекті терезелерден түскен күн сәулесіне шомылып, қаланың әдемі көрінісінен эстетикалық ләззат алуға болады. Үйде жылу болмай қалады деп алаңдауға негіз жоқ. Үйдегі жылуды сақтау үшін энергия үнемдейтін әйнегі бар көпфункциялы пакет аргонмен толтырылған. Тұрғындардың жайлы өмір сүрулері үшін «қабырғадағы қабырға» технологиясы, ал жоғары қабаттан шыққан шуға пенотремнен жасалған дауыс оқшаулағыш материалы пайдаланылған», - дейді жоба жетекшісі Ерғалы Құсайынов.

        Үйдің ауласында ересектер мен балалардың бос уақытын өткізуге барлық жағдай жасалған. Ауа райы қолайсыз кезде қонақтарыңызбен және көршілеріңізбен бірге үстел ойындары бар жайлы коворкингте уақыт өткізуге болады. Астананың көрікті жерлерінің бірі – Президент саябағы кез келген маусымда әдемі. Күзгі көріністен ләззат алып, тамаша фотосуреттер түсіру үшін бар болғаны жолдың келесі бетіне өту жеткілікті. Компания клиенттері жаңа нысанға баға беріп те үлгерді.

        «Біз барлық адам сияқты елдегі індетке байланысты қатты уайымдадық. Үйдің тапсырылу мерзімі ұзайтын шығар деп ойладық. Бақытымызға орай, құрылысшылар бұл форс-мажор жағдайды барынша азайтуға тырысты. Ауданның болашағы зор. Көпір салынып біткенде, оң жағалаудағы «Алматы» ауданына қас қағым сәтте жетуге болады. Менің білуімше, Ұлы Дала көшесі жаңа вокзалға дейін жалғасады», - деп ағынан жарылды жаңадан қоныстанған Малика Қалиева.

        Мұнда көлік инфрақұрылымынан басқа әлеуметтік инфрақұрылым да қарқынды дамитын болады. Қала билігі осы ауданда 2022 жылы жалпы білім беретін жаңа мектеп салуды жоспарлап отыр.Capital Park ұзындығы 86 гектар болатын алты мың пәтерлі 10 тұрғын үй алабынан тұрады, бұл шамамен Ботаникалық бақтың аумағына (89 га) тең. Қасынан төрт мектеп пен екі балабақша салынады. Сонымен бірге мұнда тағы ағаш отырғызылатын болады. Жасыл желектердің жалпы ауданы 31 000 ш.м. құрайды, оның 16 000 ш.м. қырат жер болады.«Бизнес» класындағы бірінші және екінші кезекте бос пәтерлер қалған жоқ. Бірақ, 2021 жылдың күзінде өткізу жоспарланған «Комфорт» класындағы Capital Park Flowers кезегінде сатылымдағы пәтерлер бар. Толық ақпаратты сату бөлімдерімізден немесе 360 нөмірі бойынша алуға болады. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.