Шымкенттегі DENDROPARK тұрғын үй кешенінің екінші кезегінде сатылым басталды

        30 қаңтар 2023

        Өткен демалыс күндері Шымкенттегі DENDROPARK Business-2 ТҮК пәтерлерін сату басталды.

        Жоба Төлеметов көшесінің бойында орналасқан. Үй атауы оның басты артықшылығын айшықтайды: Шымкент дендропаркіне жақындығы.

        Компания болашақ тұрғындарға жабық және қауіпсіз ауласы бар заманауи шығыс стиліндегі тұрғын үй кешенін ұсынбақ. Мұнда спорт алаңы, workout аймақтары, балалар мен ересектерге арналған демалыс орындары, «су тұманы» салқындату және «құрғақ субұрқақ» жүйелері қарастырылған.

        BI Green экологиялық акциясы аясында құрылыс салушы бұрын сарайлардың бақтарын көгалдандырған әйгілі түрік тәлімбағының мамандарын арнайы шақырады.

        Сапалы материалдар қолданылатын ТҮК холлдары жұмсақ күту аймақтарымен, балалар арбасын қоятын орындармен және өтпелі кіреберістермен қамтылатын болады.

        BI Group компаниясы құрылыста белсенді пайдаланатын «ақылды» технологиялардың арқасында пәтерлерге төрт жолмен: саусақ ізі, код, смарт-карта, механикалық кілтпен кіруге болады. IP домофониясы клиенттерге күзетпен байланысуға және келушілермен сөйлесуге мүмкіндік береді.

        Бірінші және жерасты қабаттарында төбелері биік және еркін жоспарлауға болатын коммерциялық бизнес бөлмелер қарастырылады.

        Шымкенттіктер үшін BI Group Бақыт министрлігінің қызметтерін ұсынады, оның негізгі мақсаты - бос уақытты тиімді өткізу мен тұрғындар арасындағы тату көршілікті дамытуға бағытталған ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру.

        Естеріңізге салайық, мереке күндері 137 отбасы Dendropark Business-1 тұрғын үй кешенінде қоныс тойын тойлады.  Тұрғын үй кешеннің екінші кезегінде 130 пәтер сатылымға шықты. Құрылыс салушы Dendropark Business-2 ТҮК құрылысын 2024 жылдың тамызында аяқтауды жоспарлап отыр.

        Толық ақпаратты сату бөлімінен, 360 қысқа нөмірі бойынша, іnstagram-дағы @bi.group.shymkent ресми парақшасынан немесе компанияның https://bi.group/ru/ сайтынан алуға болады.

        Сондай-ақ, online-режимде сатып алуды ресімдеуге және BIG App қосымшасында ДДҚ-ға қол қою мүмкіндігі бар.

         

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.